Атырау, 30 сәуір 03:00
 ашықВ Атырау +23
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты

429 просмотра

Бұл туралы аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Талғат Хабибуллин мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Аудан аумағында күнделікті уақытша эвакуациялау пункттерінен және су беру көздерінен сынамалар алынуда. Соның  ішінде осы күнге дейін тамақ өнімдерінен  барлығы 133 сынама алынған.

- Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінен 118 сынама алынды. Оның ішінде 4 сәйкессіздік судың түстілігінен анықталды. Сондай-ақ, суды микроблиологиялық зерттеу үшін 122 сынама алынды. Сәйкессіздіктер анықталмады. Аудан көлемінде жиналған тасқын судан – 9 сынама алынып, нәтижесі – Энтеровирус, ВГА, Ротавирус- теріс. Қалған 7 сынама - жұмыс барысында. Алдағы уақытта да жұмыстар өз жалғасын табады, - деді Талғат Хабибуллин.

16 сәуір, 18:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.