Атырау, 16 мамыр 20:52
 бұлттыВ Атырау +10
$ 441.41
€ 477.78
₽ 4.84

Қазақстандағы су тасқыны: 13 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

233 просмотра
Фото: ҚР ТЖМ / видеодан скриншот

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен 13 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатыр.

«Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер беріп келеді. Бүгінгі таңда 22 475 өтінім қабылданды.
Биылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша 13 259 отбасы 4,8 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін төленетін өтемақы көлемі 278 млн теңгеге жетті», - делінген хабарламада.

524 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында.

29 сәуір, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.