Атырау, 16 мамыр 16:08
 бұлттыВ Атырау +15
$ 441.41
€ 477.78
₽ 4.84

Ресей түрмелерінде отырған қазақстандықтардың Украинадағы соғысқа қатысып жатқаны рас па

297 просмотра
Фото:freepik.com

Бір топ ата-ана Бас прокуратураға барып, көрші елде жазасын өтеп жатқан балаларын Ресей тарапы соғысқа үндеп жатыр деп шағымданған. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей түрмелерінде отырған Қазақстан азаматтарын Украинадағы соғысқа әкетіп жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Журналистер сыртқы істер министрлігіне бір топ ата-ананың шағымын жеткізді. Ата-аналар көрші елде есірткі үшін абақтыға жабылған балаларын Ресей тарапы соғысқа үндеп жатқанын айтқан.

Сыртқы істер министрлігінің ресми Айбек Смадияров бұл жайттан хабардар екенін мәлімдеді. 

«Бұл азаматтар жұмысты Telegram-арналардан немесе әлеуметтік желіден тапқан. Олар қайда баратынын, не істейтінін білген. Біздің консулдар олардың туған-туыстарымен байланыста. Бірнеше рет барып, кездесіп келді. Ресей тарапымен де байланыстамыз. Айта кететін жайт, Ресей түрмелерінде отырған Қазақстанның бірде бір азаматын соғысқа әкеткен жоқ. Оны 100 пайыз растай аламын. Бұл тек шу көтеріп, балаларын елге қайтарып алу», - деп жауап берді Смадияров.

Оның айтуынша, егер адам басқа елде қылмыс жасаса, сол елдің заңымен жауап береді. Сот үкімі шығып, жаза тағайындалғаннан кейін ғана прокуратура іске кірісіп,  жазасын өз елінде өтеу туралы өтініш жолдай алады.

29 сәуір, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.