Атырау, 16 мамыр 22:13
 бұлттыВ Атырау +10
$ 441.41
€ 477.78
₽ 4.84

Жайық жағасындағы кәріз: "Рұқсат берілмеген"

Бейнежазба
682 просмотра

Әлеуметтік желіде “Атырау” дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңында Жайық өзеніне өте жақын жерде кәріз құдығы қазылғаны туралы видео тарады. Тұрғындар оның ауыз судың көзі саналатын өзенге жақын қазылуы қала тұрғындарының денсаулығына әсер ете ме деп алаңдайды. 

Видео әлеуметтік желіде резонанс тудырған соң облыстық экология департаментінің мамандары құдық маңындағы өзеннен су сынамасын алды. Сондай-ақ бұл құдық Жайықтың жағасында орналасқан «River Garden» кафесіне тиесілі екені белгілі болды. Оның қашан қазылғаны белгісіз.  

Экология департаментінің маманы Рамазан САЛЫҚТЫҢ сөзінше, сынама нәтижесі дайын болған кезде департамент құзіретті органдарға хат жолдайды. Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі құдық орналасқан жер телімі 2019 жылдан бері «Центр поддержки предпринимательства «Евразия» ЖШС-не тиесілі екенін түсіндірді.

"Дене шынықтыру сауықтыру кешені аумағындағы жағажай он жылға сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілді. Аталған сенімгерлік басқарушыға жағажай аумағына кәріз қазуға рұқсат берілмеген. Сонымен қатар, Атырау қалалық қаржы бөлімі cенімгерлік басқарушы тарапынан сенімгерлік басқару шартының міндеттемелері орындалмағандықтан және қалалық прокуратураның ұсынысы негізінде шартты бұзу туралы талап арызымен сотқа берілді. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2024 жылғы 25 қаңтардағы шешіміне сәйкес, «Центр поддержки предпринимательства «Евразия» ЖШС тарапынан шарттың міндеттемелері орындалмауына байланысты, сенімгерлік басқару шарты бұзылсын деп шешім етті", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Кәсіпкер сот шешімімен келіспей апелляциялық шағым берген, алайда, 25 сәуірде Атырау облыстық сотының азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

P. S. Жеке дереккөздің мәліметінше, ЖШС басшылығы іс жүзінде өзенге жақын жерде септик қазылған, бірақ мүлдем іске қосылмаған. Қазіргі уақытта "жоғарыдан" септикті тез арада жоюға тапсырма берілді.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

30 сәуір, 00:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.