Атырау, 30 сәуір 02:32
 ашықВ Атырау +23
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Екі ауылдық округте әкімдер сайланды

468 просмотра
Көрнекі сурет

2024 жылғы 14 сәуірде Махамбет ауданы Алға және Жалғансай ауылдық округтері  әкімдерінің сайлауы өтті.

"Алға ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1199 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 461. Жарамсыз бюллетеньдер саны 52, «Бәріне қарсымын»  белгісіне  белгі  салғандар саны  16.

Алға ауылдық округінің әкімі болып Мусин Расул сайланды, 1990 жылы туған, «Алға ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-нің әкімі. 

Жалғансай ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 744 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 314. Жарамсыз бюллетеньдер саны 43, «Бәріне қарсымын»  белгісіне белгі салғандар саны 7.

Жалғансай ауылдық округінің әкімі болып Қайырғалиев Асылжан сайланды, 1982 жылы туған, «Махамбет аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің бөлім басшысы", - деп хабарлайды Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясы.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 сәуір, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.