Атырау, 30 сәуір 01:03
 ашықВ Атырау +23
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Биыл жемқорлардан тәркіленген ақшаға 25 мектеп ашылады

249 просмотра
Фото: primeminister.kz

Биыл Қазақстанда жемқорлардан тәркіленген қаржыға 25 мектеп ашу жоспарланып отыр. Айта кетейік, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры 76 738 оқушыға арналған 62 мектептің құрылысын қаржыландырады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін 37 мектеп ашылғаны хабарланып отыр.

«Қор Қазақстанның білім беру саласындағы жобаларды іске асырады. Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған қордың қызметі мектеп, оларға қосымша құрылыс нысандарын, интернат сала отырып, мектептегі орын тапшылығын жоюды көздейді. Осы жылы 28 мың оқушы орнына арналған тағы 25 мектепті іске қосу жоспарланған», – деп атап өтті инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы Марлен Қасенов.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен шамамен 15 мың орындық тағы 20 жаңа мектеп салынатыны белгілі болды. Олар 2025 жылы ашылады деген жоспар бар.

16 сәуір, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.