Атырау, 29 сәуір 13:02
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау облысында су басқан ауыл тұрғындарын қайықпен тасымалдайды

884 просмотра

Миялы-Қарабау-Индер бағытындағы облыстық маңызы бар тас жолдың жырылған жеріне көктемгі өр суының тасып, көпір салып жатырған аумақты су басты.

Аталған аумақтағы автокөлік жүрісінің алдағы уақытта да кедергісіз жүруі үшін айналма жолға қосымша су өткізгіш құбыр салынуына орай, айналма жол уақытша жабылады. Жол 30 наурызды сағат 17.00 де ашылады, деп хабарлады Қызылқоға аудандық әкімдігі.

Аталған жерге мердігер мекеме «АИС» ЖШС-мен су өткізгіш құбыр салынбақ. Мердігер мекеме қызметкерінің айтуынша су өткізгіш құбырдың тереңдігі 1 метр 70 см, ұзындығы 6 метр болмақ.

Ал, Ойыл өзенінің бойында орналасқан округтердің орталықпен байланысын үзбеу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің моторлы қайығы таңертең сағат 08.00-ден бастап кешкі сағат 19.00-ге дейін тасымалды ұйымдастырады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

29 наурыз, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.