Атырау, 15 мамыр 23:01
 ашықВ Атырау +15
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

Елордада енді алты аудан болады

192 просмотра
Фото: istockphoto.com

Астанада енді алты аудан болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.

1998 жылы құрылған Алматы ауданында шаһардың бет-бейнесіне айналған ғимараттардың басым бөлігі орналасқан. Аймақтағы Президент саябағы мен Триатлон паркі, «Қазақ елі» алаңы, Ұлттық музей, Әзірет Сұлтан мешіті мен Бейбітшілік және келісім сарайы қала қонақтары ерекше ілтипатпен баратын айшықты құрылыс нысандары.

Айта кетейік, Алматы ауданын бөлу туралы бастама 2018 жылы көтерілген. Қала кеңесінің ортақ шешімімен ол кезде ауданның кей бөлігі Байқоңыр ауданына қосылған болатын. Осылайша енді Астанада алты аудан болады: Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр, Есіл, Нұра және атауы әзірге белгісіз жаңа аудан.

29 сәуір, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.