Атырау, 15 мамыр 11:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

Елена Рыбакина Мадрид мастерс турнирінің төртінші айналымына өтті

227 просмотра

Елена Рыбакина Мадрид WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған мысырлық Майар Шерифтің шамасын байқап көрді.

Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетті. Ақыры айқын басымдықпен бітірді - 6:1.

Елена екінші сетте 3:1 есебімен алға шығып, сол қарқынынан танған жоқ - 6:4.

Сағат жарымға созылған матчта Рыбакина 1 эйспен бірге 13 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина ширек финалға шығу үшін рейтингіде 136-сатыдағы чехиялық, 18 жастағы Сара Бейлекпен кездеседі. 

29 сәуір, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.