17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар жәнезертханалық жабдық алынды.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.