Атырау, 20 мамыр 05:27
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраулық домбырашылар ансамблі Түркістанда өткен фестивальде бас жүлдені жеңіп алды

Сурет Бейнежазба
640 просмотра

6 мамырда "Атырау-Алматы" пойызында Дамбы өнер мектебінің оқушылары өнерлерімен жолаушыларды ерекше көңіл күйге бөледі.  Белгілі болғандай, өнерпаз балалар Түркістан қаласында өтетін "ZHULDYZ.ART KAZAKHSTAN" фестивальде бақ сынамақ болған еді.

8 мамырда өткен байқауда Әбілова Гүлдана Мақсотқызы көркемдік жетекшілік ететін «Ақсұңқар» ансамблі, Ризагүл Алпыспесова жетекшілік ететін «Қыз Жібек» ішекті аспаптар ансамблі, Жұмағалиева Дәмелі Әлібекқызы көркемдік жетекшілік ететін «Ақжайық арулары» ансамблі, сонымен қатар жекелеген орындаушылар -Атырау облысынан барлығы 40 бала өнер көрсетті.

- Немерем 5-сынып оқушысы Дана Қасым Тасқаладағы домбыра үйірмесіне екі жылдан бері үзбестен қатысып келеді. "Баласы аламанға қатысса, ата-ана үйде отырып тақымын қысар" демекші, жеңісті оралар деген үміттемін, - дейді Гүлбарша НЫСАНОВА.  

- Балалар поезда да өнерін ортаға салып, жаттығып барды. Жолаушылар да дән риза болды. Қошаметтеп, оң сапар тілеген болатын. Балалар өнерін көрсетті. Енді конкурс қорытындысын күтіп отырмыз, - дейді Гүлдана Абилова. - Дамбадағы дарындар әлемі әлемі жекеменшік мектебінің құрылғанына 3 жыл болды. Тасқала ауылы балаларын да қамтуда.

Айтпақшы, жалпы өнер мектебі дәстүрлі ән, домбыра, вокал бағытында жұмысын жандандырып отыр.  Мақала жарияланып жатқанда қуанышты хабар келді – атыраулық өнерпаздар бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желілер мен жетекшілер жолдаған суреттер мен бейнежазба

8 мамыр, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.