Атырау, 20 мамыр 05:27
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Түнде әскери бөлімнен қарулы сарбаз қашып кетті: зардап шеккендер жоқ

720 просмотра

Әлеуметтік желіде әскери қызметкердің қашып кеткені туралы бағдар тарады.

Желіде жарияланған ақпаратқа сәйкес, 41433 әскери бөлімінің сарбазы 2005 жылы туған Алексей МОЛДАВСКИЙ 8 мамыр күні сағат 01:00-де өзімен бірге автомат пен 60 оқ-дәріні алып, бөлімнен шығып кеткен. Мұнайшы ықшамауданында такси ұстап, Новостройкаға жеткен..

Атырау гарнизонының баспасөз қызметі әскери қызметшінің өзіне бекітілген қарумен әскери бөлімнен өз еркімен шығып кеткенін растады. Қазіргі уақытта сарбаз бөлім аумағында. Зардап шеккендер жоқ.

Ведомство Молдавский қамауға алу кезінде оқ атты ма және оның қашуына не себеп болды деген сұрақтарға жауап беруден бас тартты. «Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - деп түйіндеді  баспасөз қызметі.

Материал жазылғаннан кейін Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Сарбазға қатысты Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды», - делінген хабарламада.

Айнұр САПАРОВА

8 мамыр, 22:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.