Атырау, 9 мамыр 18:12
 ашықВ Атырау +7
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Микрокредит алу: нені білу керек

1 823 просмотра

Наурыздан бастап жеңілдікпен микрокредит беру тетігі іске қосылуда. Жуырда бұл туралы Атырау облысының ӨКҚ ақпараттық алаңында өткен баспасөз бринфигінде мәлім етті.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, микрокредитте жылдық 2,5% жеңілдік бар, оның мерзімі 5 жыл, ауыл шаруашылығын дамыту үшін 7 жыл. Ең жоғары сома 5 миллион теңгеден аспайды. Айтпақшы, несие беру сенімді тұлға арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жастардың кәсіпкерлікті дамыту үшін жылдық  2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру іске аспақшы. Осы жылдың наурыз айынан бастап несиеге өтініш беру басталады.

- Гүлболат Екпінқызы, микрокредит алуға қандай жастағылар қатыса алады?

- Микрокредитті 18- 35 жас аралығындағы жастар ала алады.

- Сенімді өкіл арқылы дедіңіз, оны қалай түсінеміз, тарқатып айтсаңыз.

- Ол облыс әкімдігінің қаулысымен, сондай-ақ комиссия құрамы да сайланады. Микрокредит алу үшін үміткерлер сенімді өкілге (агентке) тиісті құжаттарды ұсынады. Агентке өтініш берген кезде кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде бес жылдан аз мерзімге тіркеле алады. Микрокредитті бергенге дейін жеке кәсіпкер ретінде тіркелу немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі бес жылдан аспауы керек.

...Агент түскен құжаттарды тексеріп, ұсынылған бизнес-жобаға бақылау жүргізеді. Содан кейін облыстық конкурстық комиссияға ұсынылады. Комиссия шешімі оң болса, кәсіпкер микрокредит алады.

- Бұл үшін кепіл керек пе?

- Кепіл болу міндетті. Кепілге жылжымалы немесе жылжымайтын мүліктер (жер учаскелері, пәтер, тұрғын үй, ғимарат, құрылғы, көлік, арнайы техника, екінші деңгейдегі банктердің есеп шоттарындағы қаражаттар, т. б.) жатады. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең мирокредит беру ұзақтығының 1\3 (үштен бірінен) аспайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ ұсынған сурет

7 ақпан 2023, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.