Атырау, 6 мамыр 17:31
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Маңғыстауда теңіз жағасынан 12 итбалықтың өлексесі табылды

615 просмотра

Маңғыстауда Түпқараған ауданында теңіз жағасынан 12 итбалықтың өлексесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы өкілдері мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері мұны мониторинг барысында анықтаған.

"Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар табылған жерге шықты. Итбалықтардың өлекселері қатты ыдырап кеткен, бұл олар қыс мезгілінде бір уақытта өлген және осы уақытқа дейін суда болды деп болжауға негіз береді. Олар 23 сәуірде басталған және бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан батыс дауылының салдарынан жағаға шығып қалған", - деді Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы өкілдері.

Басқарма мамандары гидробиология және экология институтының қызметкерлері зерттеу жүргізу үшін ішкі ағзаларды, сондай-ақ, азу тістерін ішінара іріктеп алғанын мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Каспийде қырылған итбалық саны 100-ден асқаны хабарланды. 

26 сәуір, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.