Атырау, 19 мамыр 10:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Бүгіннен бастап жол ережесінің өзгерістері күшіне енді

687 просмотра
фото: www.istockphoto.com

6 мамырдан бастап ел бойынша көлік қозғалысына жаңа жол ережесі енгізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ішкі істер министрлігі жол ережесіне өзгерістер енгізді. Енді біртұтас сызықты кесіп өткеніңіз — қарсы бағытқа шығумен тең. Яғни ереже бұзған жүргізуші куәлігінен жарты жылға айырылады.

«Біртұтас таңбалау сызығын кесіп өткені үшін жауапкершілік өзгерді. Енді 1.1 белгісімен белгіленген және де 3.20 басып озуға тыйым салынатын белгісімен белгіленген екі жолағы бар және екі жақты жолға шығу — қарсы жүріс жолағына шығу болып есептеледі», - делінген жаңа ережеде.

Жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер жобасы бойынша, сары бағдаршаммен жүруге толық тыйым салынбай, "егер бағдаршамның жұмыс режимі жасыл белгі өшіп-жанбаса" бұл жағдайда рұқсат беру туралы шешім қабылданады.

6 мамыр, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.