Атырау, 4 мамыр 15:50
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қыз зорлаған фотограф 5 жылға сотталды: ол еңбек еткен басылым мәлімдеме жасады

266 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Алматы қалалық Медеу ауданының № 2 аудандық сотында зорлау ісі бойынша айыпталған 34 жастағы Азамат Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

2023 жылы 8-наурыздан 9-на қараған түні Азамат Кенжеғұлов қаланың түнгі клубтарының бірінде демалып, сол уақытта өзінің құрбыларымен бірге жүрген танысы О-мен кездескен. Бұдан кейін, ол оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкелген. Әрі қарай, жәбірленушінің дәрменсіз күйін (алкогольдік мас болу) пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған. Яғни, сотталушы оны зорлаған.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады және соттан оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді. Сот үкімімен оны ҚК-нің 120 бабы 1 б. бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді”, - делінген сот шешімінде

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фотограф Азамат Кенжеғұлов Esquire Kazakhstan компаниясында жұмыс істеген. Осыған байланысты редакция мәлімдеме жасады.

«Құрметті оқырман! Бүгін сот фотограф Азамат Кенжеғұловты "жәбірленушінің зорлық-зомбылық немесе дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлау" бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырды. Кенжеғұловтың Esquire Kazakhstan компаниясымен ынтымақтасқаны белгілі және осыған байланысты мәлімдеме жасау маңызды деп санаймыз. Esquire басылымы бірнеше жыл бойы фотографпен жобалық ынтымақтастықта болды. Редакция Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу барысы туралы білген жоқ. Сондықтан үкімге оқырман сияқты біз де таң қалдық. Esquire Kazakhstan зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы және оны қабылдамайтынына назар аудару маңызды деп санайды. Біздің басылымның басты қағидатының бірі - қазақстандықтардың  құқықтарын құрметтей отырып, кез келген әділетсіздікті барынша егжей-тегжейлі жариялау. Сондықтан Кенжеғұлов жасаған қылмыс кешірілмейтіндердің қатарында деп санаймыз».
24 сәуір, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.