Атырау, 18 мамыр 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Көк базардағы ашық "соғыс"

Бейнежазба
512 просмотра

Алматыда көк базар маңайындағы жабайы сауданы тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды ktk.kz.

Алматыдағы көк базар саудагерлерінің шыдамы таусылғандай. Павильонда орын алып салық төлеп тұрған кәсіпкерлер көше бойын жайлаған жабайы сауданың көркін қыздырып отырғандарды қууды талап етуде. Себебі: солардың кесірінен кіріс күрт азайған.

Көк базар саудагерлері бүгін саудадағы бәсекелестерімен ашық "соғысуға" шығыпты. Себебі базар сыртында жайылған жабайы сауданың кесірінен мүлдем саудасыз қалдық деп, шыданың таусылғанын айтады. Табыс таппақ түгілі, орынды жалдауға ақша таппай қалдық дейді олар. 

Айнұр Сүлімова, саудагер: 

— Сауда жоқ. Мына адамдардың бәрін ішке кіргізсін. Болмаса, біз де сыртқа шығайық. Осыншама халық шырылдап, қыс бойы сауда жоқ. Кредит алып, тіпті талтындарымызды сатып, жалға алуды төлеген күніміз болды.  

Саудагерлер көше бойындағы жабайы сауда мәселесін айтып құзырлы органдарға шағымданған. Тіпті тәртіп сақшылары да заңсыз табыс тауып жүргендерді көрсе де, көз жұма қарайды деп ашынып отыр.

Меруерт Аликаримова, саудагер: 

— Біз де осылай шыққымыз келеді. Бізге әкімшілік рұқсат етпейді. Ал бұл кісілерге рұқсат етеді. Неге бізге рұқсат жоқ?! Бұл кісілерге де кезінде орын берген, бәріне. Бірақ ішке кірмей отыр. 

Жол бойындағы жабайы базар кеше пайда болған жоқ. Көбісі бірнеше жылдан бері осында жеміс-жидек, арзан шұжық сатып нәпақасын тауып жүр. 

«Отырған орнымыз үшін тіпті салық төлейміз» дейді. Ақшаны кімге беріп жатқанын өздері де нақты білмейтін сияқты.

Шынар Мошытаева, саудагер: 

— Бұл кісілер ішке адам кіргіздірмейді. Бізде іште жалға алу қымбат. Түк саудамыз жоқ, шыны керек. Бәрінде кредит бар, бастарында 4,5 миллион. Барлығы пәтер жалдап тұрады. 

Назира Тоқтарбаева, саудагер: 

— Бізде ЖК бар. Біз де үкіметке салық төлеп отырмыз. Мыналар 28 мың жалға төледік деді ме, онда орынды босатсын, бізге берсін. Бізде орын жоқ. Сондықтан сыртта сауда жасап жүрміз. Ешкім рұқсат берген жоқ. Бұрыннан келе жатырмыз. Ләззат Жүнісова, саудагер: — Олар арендаға 27 мың төлесе, біз 70 мың салық төлейміз айына. Біз ешкімге ақша төлемейміз әкімдікке де, полицияға, ешкімге төлемейміз. Бірақ жеке кәсіпке 70 мыңнан айына төлеп тұрамыз. 

Ал базар әкімшілігі сырттағы жабайы саудаға «біз жауапты емеспіз» дейді. Бұл аумақ тікелей қала әкімдігіне қарайды деп қысқа қайырды. 

Ләззат Келебаева, «Көк базар» әмбебап базары ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі: 

— Бұл көшедегі сауда біздің базарға кедергісін келтіріп жатыр. Базарға келген сатып алушылар көбісі шағымданады. Өйткені сыртта санитарлық норма сақталмаған. Сондықтан базардың ішінде сауда жасау қажет деп есептейміз, мұнда барлық санитарлық норма ұсталады. Ветеринария қызметі, арнайы сараптама қызметі жұмыс істеп, тексерістен өткізеді. 

Қала әкімдігі базар аумағына кірмейтін жерде сауда-саттық жасау заңғы қайшы және бұл норманың орындалын полициямен күнделікті бақылауда ұстап отырғанын айтты. Тіпті жыл басынан бері Көк базар сыртында тұрғандарға 120 рет айыппұл салыныпты. Алайда, өзіміз байқағандай, баяғы жартас сол жартас.

4 мамыр, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.