Атырау, 4 мамыр 16:47
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Қазақстанда алдағы күндері күн суытады - синоктиктер

318 просмотра

Қазақстандық синоптиктер 25-27 сәуірге ел бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің оңтүстік жартысында 25-27 сәуір аралығында жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-батысында 25 сәуір күні ғана жаңбыр жауады, ал түнгі уақытта қар жауады деп болжанып отыр. 

«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Бұршақ пен дауыл да бірге келуі мүмкін. Қалған өңірлерде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ел бойынша екпінді жел, түнгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман болады деп болжанып отыр. 

«Суық фронт біртіндеп елдің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 0+12, күндіз +10+20°дейін біртіндеп төмендейді деп күтілуде», - деп толықтырды синноптиктер. 

Солтүстік аймақтарда, әсіресе, 25 сәуірде күн суық болады деп болжанып отыр. 

24 сәуір, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.