Атырау, 3 мамыр 05:00
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қайдан келдің, жалын құс?

Бейнежазба
774 просмотра

Бірнеше күннен бері Атырау іргесіндегі бау-бақша серіктестіктерінің бірінің тұрғындары қайдан пайда болғаны белгісіз тауысты ұстамақ болып жүр.

Жер шарындағы ең әдемі құстардың бірінің алдағы тағдырына алаңдаған бағбандар оны тамақтандырып, қожайынын табуға тырысып жүр. Жалын құсты ұстау әрекетінен түк шығар емес: тауыс тез қашып, кедергілерден секіріп өтіп, аса қауіп төнген жағдайда оны ұстағысы келетіндерді шаң қаптырып, ұшып кетеді. Айтпақшы, тұрғындар еркіндікті сүйетін құстың тамаша физикалық дайындығына ғана емес, құстың ұшқанын көріп таң қалуда: «Өте ғажап көрініс. Мықты қанатының арқасында құс тез ұшып кетеді. Үлкен қауырсыннан ұшқан дыбысы естілмейді. Тауыс тез жылдамдықпен бір шақырым биіктікке дейін көтеріледі», - дейді бағбандар.

Ұстатпаған тауыс туралы хабар әлеуметтік желіде таралғалы, құсты ұстағысы келетіндер көбейді, сондықтан бау-бақша қоғамының тұрғындары тауыс мекендейтін ықшамауданды атамауды өтінді. Айтпақшы, тауыс өзін керемет, жайлы, сергек сезінеді және бағбандардың жаңа қазған жерлерден шыққан қоңыздар мен құрттармен қоректенеді.

Сәттілік пен бақыттың символы делінетін тауыс құсын әзірге ешкім ұстаған емес.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Бау-бақша қоғамының тұрғындары жолдаған видео

19 сәуір, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.