Атырау, 17 мамыр 13:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

460 просмотра

«Мұнайшы» стадионында Қазақстан чемпионатының алтыншы туры аясында футбол матчы өтті.

«Атырау» Петропавлдың «Қызыл-Жар» командасымен кездесті. Қарсыластар бірінші таймның барлығын тартысты өткізді. Екінші таймда есеп ашылды.

Екі команданың да құрамында ұзақ қашықтыққа гол соғатын ойыншы көп. Бірінші голды алаң иелері соқты. 51 және 55-минутта сәйкесінше «Атырау» шабуылшылары Николай СИГНЕВИЧ пен Якуб НОВАК гол соқты. Бұл мұнайшылардың биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңісі. Атырау 7-орынға көтерілді.

***

Лига кубогы: Қазақстанда 1 миллион доллардың турнирі басталды.

Астанада Лига кубогы турнирінің жеребе тастау рәсімі өтті. Қазақстанның 15 облысынан 16 мықты футбол клубы жаңа кубокты сарапқа салады. Олар отандық футбол тарихындағы ең үлкен жүлде қоры – 1 миллион долларға таласады.

Кубок үш кезеңде (топтық кезең, жартылай финал және финал) 25 мамыр мен 24 қараша аралығында өтеді. Жарыстың жеребе тарту рәсімін «Астана» республикалық телеарнасының тікелей эфирінде аты аңызға айналған қазақ футболшысы Самат Смақов өткізді. Қазақстандық жанкүйерлерді  қызықты 29 матч күтіп тұр.

«Жаңа кубоктың басталуы біздің жанкүйерлер үшін футбол мерекесі ғана емес, сонымен қатар Лиганы коммерцияландыру бойынша жүйелі жұмыстың үлкен қадамы. Футболға деген қызығушылық күн сайын артып келеді және бұл демеушілер үшін тартымды. Клубтардың жақсы жүлде алуға мүмкіндігі болады және жанкүйерлер үшін сапалы ойындар көп болады. Біздің «Футболмен бірге» деген ұранымыз Лиганың клубтармен, серіктестермен және жанкүйерлермен ымырасын бейнелейді», - деді Qazaqstan Football League президенті Рафаэль Гарибян.

Футболдан ҚР Кубогының 1/4 финалдық ойындары сенбі, 4 мамыр және сәрсенбі, 8 мамырда сағат 18.00-де өтеді.

***

Еркін күрестен Қазақстан командасында Ыстамбұлда (Түркия) өтетін соңғы Олимпиадалық іріктеуге қатысатын команда құрамында өзгерістер болды, деп хабарлайды ҚР ХОК сайты.

Бас бапкер Мадияр Құрамысов 74 келіге дейінгі салмақта Талғат Сырбаздың орнына квота үшін оның олимпиадалық құрама сапындағы қарсыласы, ОҚО өкілі Нұрқожа Қайпанов таласатынын айтты.

«Талғат Сырбаз арқасын жарақаттап алды, сондықтан біз Қайпановты Ыстамбұлдағы турнирге қатысады деп шештік», - деді бапкер.

Айта кетейік, Нұрқожа Бішкекте (Қырғызстан) өтетін Азия іріктеуінен өтуге бір қадам қалғанда тоқтап қалған еді: ол жарыстың жартылай финалында жеңіліп қалды.

***

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының Чехияда өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында Астанада оқу-жаттығу жиыны жалғасуда, деп хабарлайды елдің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің порталы. Бірақ оқу-жаттығу жиынына облыстық «Бейбарыс» командасының бірде-бір ойыншысы тартылмады.

Хоккейшілеріміз Астанада өтетін өз алаңында өтетін Open турнирінде Ресей және Беларусь құрамаларымен, сондай-ақ Чехияда Ұлыбритания құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Жаттықтырушылар штабы Қазақстан командасының кеңейтілген құрамын атады. Өтінімге 38 хоккейші: төрт қақпашы және 34 алаң ойыншысы кірді.

‌Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Номад», «Астана»), Никита Бояркин, Андрей Шутов («Барыс», «Астана»), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (барлығы - «Барыс», «Астана»), Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Кирилл Никитин, Хакназар Кеңесбай, Артем Королев (барлығы - «Номад», «Астана»), Дмитрий Бреус («Чайка», Нижний Новгород), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск), Кирилл Полохов («Арлан», Көкшетау)

Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Мангисбаев, Николай Шульга (барлығы - «Номад», Астана), Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Александр Борисевич, Аңсар Шайхмеденов (барлығы - «Барыс»), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников (екеуі де – «Арлан», Көкшетау), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де – «Металлург», Магнитогорск), Кирилл Панюков (Амурск қ. Хабаровск).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 мамыр, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.