Атырау, 20 мамыр 15:34
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Мақатта жаңартылған стадион ашылды

329 просмотра

Мақат ауданында балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен орталық стадион пайдалануға берілді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Мақат кентінде бұрын қолданыста болған балалар және жасөспірімдер спорт мектебі мен орталық стадион 1964 жылы салынған. Ғимарат ескіруіне байланысты 2022 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында толық жаңғыртудан өтті. Заманауи үлгіде қайта жаңғыртылған нысан ел игілігіне бүгін берілді. Ғимарат толық инфрақұрылыммен қамтылған, жалпы аумағы 1,13 гектарды құрайды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жаңа стадионда ұйымдастырылған спорт сайыстарын бір мезетте 450 көрермен тамашалай алады. Бұдан бөлек үлкен футбол алаңы, бокс, күрестен үйірме залдары қайта жаңғыртылып, жаңадан баскетбол және волейбол секциялары ашылды. Әр үйірме заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған. Мұнда бір күнде 160 баланың спортпен шұғылдануына мүмкіндік бар. Сондай-ақ киім ауыстыру және санитарлық-тазалық бөлмелері, әкімшілік корпустары бар. 

2025 жылға дейін тағы да үш спорттық нысан бой көтермек. Жалпы Мақат ауданында 10 мыңға жуық адам  тұрақты түрде спортпен шұғылданады.

3 мамыр, 08:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.