Атырау, 9 мамыр 11:48
 ашықВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атыраулық оқушы Американың 6 университетінен шақыру алды

760 просмотра

Атыраудағы NIS мектебінің 12 сынып оқушысы Амина КУРБАНОВА Американың 6 түрлі жоғары оқу орнынан музыкалық индустрия бағытында білім алуға шақырту алды.

Аминаның әдемі вокалдық қабілетіне Американың  Berklee College of Music, Drexel University, University of the Pacifi,  Appalachian State University, Loyola University New Orleans, University of Hartford сияқты іргелі оқу орындары қызығушылық танытқан.

- Ән әлеміне қызығушылығым хордан басталды. Бастапқыда хорда ән айтып, кейін жеке сабақтарға да жазылдым. Содан бері вокал менің өмірімнің ажырамас бөлігі іспеттес. Ал, мамандық таңдар сәтте мен ұзақ ойландым, көп ізденістен кейін мен «музыка индустриясы (бизнес және менеджмент)» бакалавр бағдарламасын таптым. Кейін бұл өте жақсы таңдау екенін түсіндім, өйткені бағдарлама менің сүйікті музыкам мен академиялық білімімді (қаржы, бизнес және т.б.) біріктіруге мүкіндік береді, – дейді Амина.

Химия-биология бағытындағы Зияткерлік мектебі басшылығының мәліметінше, биыл мектептің 12 оқушысына шетелдің жоғары оқу орындарында оқу туралы шақырту түскен.

"Оқу жылы әлі аяқтала қойған жоқ, десе де, Аминаның қолында 6 америкалық университеттің ішінен біреуін өз қалауымен таңдап, есігін айқара ашу мүмкіндігі бар. Ал, біз әр қадамына тілекшіміз", - дейді НЗМ ұжымы.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

27 сәуір, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.