Атырау, 21 мамыр 02:16
 ашықВ Атырау +19
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Грузия туристерге қойылатын талапты күшейтіп жатыр

175 просмотра
freepik.com

2024 жылдың 1 маусымынан бастап Грузияға кірген туристер міндетті түрде медициналық сақтандыру сатып алуы керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Грузия Онлайн» басылымына сілтеме жасай отырып.

Грузияның «Туризм туралы» заңының 12-бабына сәйкес, енді Грузияға кіретін туристің міндетті түрде медициналық сақтандыруы болуы керек. Дереккөзге сүйенсек, 10 күнге арналған медициналық сақтандырудың құны Қазақстан валютасына шаққанда 7 мың теңге мен 14 мың теңге аралағында болады.

Басты айта кетерлігі, елге медициналық сақтандыру сатып алмай кірген туристерге 300 лари көлемінде, яғни, 50 мың теңге шамасында айыппұл салынады. Айыппұлды уақытылы төлемеген адам 600 лари, яғни, 100 мың теңге шамасында айыппұл арқалайды.

10 мамыр, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.