Атырау, 18 мамыр 13:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Трамп Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жоспарын әзірледі

378 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен аяқтаудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеген, бірақ оны сайлаудан кейін жарияламақ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 «Жоспар бар, бірақ ол оны кабельдік телеарналардың жаңалықтарында талқыламайды», - деп хабарлаған дереккөз агенттікке.

The Daily Telegraph хабарлағандай, Трамп бұны қақтығысты бейбіт жолмен шешуді тілейтін  сайлаушылардың дауысын жеңіп алу үшін істеп отыр.

«Ол қырғынды тоқтатқысы келеді. «Трамп қақтығысты тоқтатады» деген ұраны да болмақ», - деп қосты дереккөз.

Сәуір айының соңында Time журналына берген сұхбатында Трамп сайланған жағдайда, егер Еуропа да қаражат бөлмесе, Украинаға көмек бермейтінін мәлімдеген.

4 мамыр, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.