Атырау, 20 мамыр 23:20
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Махамбет ауданында 30 тонна гуманитарлық көмек қоры жинақталды

566 просмотра

Бірінші қажеттіліктегі заттар мен бүлінбейтін өнімдер ауданға облыс орталығынан жеткізілуде, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб. 

Махамбет ауданында су деңгейінің көтерілуіне байланысты, Жайық өзенінде су тасқыны жағдайына дайындық шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта гуманитарлық пунктте 30 тонна азық-түлік пен қажетті заттар дайындалды. 

⁃ Бір ай ішінде штабқа 30 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Оның 100 келісі  киім-кешек. Жүк бізге аптасына екі рет жеткізілуде, біз оны өзіміз түсіреміз, азық-түліктің жарамдылық мерзімін тексереміз, сұрыптаймыз. Қордың ішінде су, ұн, күнбағыс майы, қарақұмық, дәретхана қағазы, сәбилерге арналған гигиеналық жөргектер және басқа да қажетті заттар бар, - деді Махамбет ауданы гуманитарлық штабының меңгерушісі Жексенбай ПАЗУЛОВ

3 мамыр, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.