Атырау, 20 мамыр 20:45
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Костенко атындағы шахтада штаттан тыс жағдай орын алды

184 просмотра

Қарағандыда Костенко шахтасының 4 конвейерлік штрегінде түтін пайда болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Конвейерлік трассалар учаскесінің электр слесарі Айбар Қосанов алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып, түтінді жойды. 

Оқиға туралы хабар түскен сәтте шахтаның диспетчерлік бөлмесіндегі құлақтандыру жүйесі де іске қосылды. 
Сағат 19:45-те датчик сигнал беріп, түтіннің жойылуына қарамастан, шахталар мен басқа да горизонттағы 194 кеншіні эвакуациялау және шығару туралы шешім қабылданды. 

Сағат 21:47-дегі жағдай бойынша 187 кенші жер бетіне шығарылды. Оның ішінде учаскі басшылары мен бақылаушылар арасынан 7 жұмысшы  оқиғаны бақылау және шахтаның тіршілігін қамтамасыз ету үшін оқиға орнында қалды. 

Алдын ала себебі - жасанды дененің төменгі төсемнің ролигіне түсіп, оның жұмысын бұғаттауы. Бұл конвейер таспасында түтіннің шығуына себеп болды.

3 мамыр, 08:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.