Атырау, 20 мамыр 22:48
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Қазақстан халқына" қоры су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинауды 31 мамырға дейін ұзартты​

494 просмотра

Сәуір айында мейірімді азаматтар, жеке, мемлекеттік және шетелдік компаниялар зардап шеккен өңірлерде тұрғын үй салу үшін Қорда әсерлі сома - 4,77 млрд теңге жинады. 

Қор жеке және заңды тұлғалардың сауалдарына бет бұрып, қайырымдылық жинау мерзімін мамырдың соңына дейін тағы бір айға ұзартады, деп хабарлады "Қазақстан халқына" ҚҚ ресми өкілі – баспасөз хатшысы Марат Мұхамедсалиев. Ол сондай-ақ барлық донорларға сенім білдірген үшін алғысын айтты. 

- Қор әрбір теңгені барынша тиімді пайдаланады. Сондықтан ашықтық мәселесі біз үшін басымдыққа ие. Алдағы күндері сайтта "су тасқыны 2024" бөлімі пайда болып, онда тұрғын үй құрылысына байланысты барлық материалдар орналастырылады, - деп хабарлады М.Мұхамедсалиев.  

Бұған дейін "Қазақстан халқына" ҚҚ БҚО, СҚО және Қостанай облыстарының әкімдіктерімен үй салу туралы меморандумдарға қол қойылды. Су тасқынынан зардап шеккен басқа облыстардың әкімдіктерімен осындай құжаттарға қол қою жоспарлануда. 

8 сәуірде Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімімен ТЖ салдарын жою үшін 10 млрд теңге бөлінді. Осылайша, бүгінге ерікті қайырымдылықтармен бірге 15 млрд теңге жиналып - бұл сома 500-ден астам үй салуға жеткілікті.

3 мамыр, 08:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.