Атырау, 17 мамыр 09:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Шымкентте аудан әкіміне 330 мың теңге айыппұл салынды

225 просмотра
Фото: freepik.com

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкіміне 332 280 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы  қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаратау ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және бюджет қаражатын игеру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізген. Оның нәтижесінде конкурстық құжаттамада мемелекеттік сатып алу бойынша заңнамада көзделмеген талаптарды көрсету деректері белгілі болған. Сондай-ақ әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп заңсыз тану және өз міндеттемелерін тиісінше орындамаған жеткізушілерге шара қолданбау фактілері анықталған.

«Қаратау ауданы әкіміне қатысты прокурорлық қадағалау актісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабы 5, 7 және 10-бөліктері бойынша (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы 9 хаттама толтырылды. Мемлекет кірісіне 332 280 теңге көлемінде айыппұл өндірілді», - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.
2 мамыр, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.