Атырау, 17 мамыр 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

2 мамырдағы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

662 просмотра

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 2 мамырда сағат 8-дегі жағдай:

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:    

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі  деңгейі 750 см., деңгейдің +32 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 527 см құрайды.

Жайық өзені-Махамбет кенті 795 см деңгейінде, тәулігіне + 16 см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 478 см құрайды.    

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 459 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 8см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 268 см құрайды. 

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

2 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с құрайды.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

2 мамыр, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.