Атырау, 15 мамыр 18:16
 ашықВ Атырау +10
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

251 просмотра
Фото: fckairat.com

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

«44 жастағы маман өз бетімен жұмыстан кетемін деген шешім қабылдады. Кирилл Сергеевич «Қайрат» ФК жүйесінде жұмысын жалғастыра беретінін айта кетейік», - делінген хабарламада.

Кекер негізгі команданы 2022 жылдың маусымынан бастап басқарды. Оның жетекшілігімен «сары-қаралар» 60 матч өткізіп, оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түсіп, 16 рет қарсыластарына есе жіберген. Осы кезеңде «Қайрат» ФК Академиясының 13 түлегі негізгі команда сапында дебют жасады.

Алдағы 4 мамырда өтетін «Атыраумен» болатын матчқа команданы бұған дейін «Қайрат-Жастарды» басқарған Рафаэль Уразбахтин дайындайды.

29 сәуір, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.