Атырау, 15 мамыр 18:37
 ашықВ Атырау +10
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

Қадыровтың 16 жастағы ұлы жаңа лауазымға тағайындалды

342 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жастағы Адам жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қадыров өзінің жеке Telegram-арнасында ұлының Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болып тағайындалғанын сүйіншіледі. Ол ұлының өз міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді.

Сондай-ақ Шешенстан басшысы бұл шешім РУС басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.

Адам Қадыров атақты университеттің қызметімен тығыз таныс. Ол жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды деген сенімдемін, – деп жазды Рамзан Қадыров.

Айта кету керек, бұл Адам Қадыровтың алғашқы лауазымы емес. 16 жасар Қадыров Шешенстанның батыры, әкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы. 

29 сәуір, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.