Атырау, 15 мамыр 21:52
 ашықВ Атырау +10
$ 440.90
€ 475.95
₽ 4.82

Ақтауда екі ірі су құбыры жарылды

226 просмотра
Видеодан жасалған скриншот
28 сәуірге қараған түні және сол күні таңертең Ақтауда екі құбыр жарылды. Бұл туралы жергілікті Lada басылымы жазды

Біріншісі таңғы сағат 04:00 шамасында болды: 13-шағын аудандағы жолды су шайып жатыр. Ол жол бойында ондаған метрге жайылып, оны оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған.

"ҚЖСА" мемлекеттік кәсіпорны ауыз су құбырында жарылыс болғанын хабарлады. Оны жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бір тұрғын үй сусыз отыр.

Екінші оқиға таңертең болды: Ақтау тұрғындары 1-шағын аудандағы құбыр жарылғанын айтып шағымданды.

Ақауды "ҚЖСА" МКҚК қызметкерлері жөндеп жатыр. Коммуналдық сала қызметкерлерінің айтуынша, ауыз суды бойынша ешқандай шектеу жоқ.

Коммуналдық компания екі жағдайға да тозған инженерлік желілер себеп болғанын айтып отыр.


29 сәуір, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.