Атырау, 13 мамыр 02:21
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

28 сәуір​дегі Қиғаш және Шарон өзендеріндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

651 просмотра

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 28 сәуір сағат 8-дегі жағдай

Қиғаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады, деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.

  • Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 333 см, тәулігіне көтерілу + 8 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 204 см құрайды  
  • Қиғаш өзені –Котяевка ауылы су бекеті бойынша су деңгейі 205 см, тәулігіне көтерілу + 9 см. су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 195 см құрайды
  • Шароновка өзені –Ганюшкино ауылы су деңгейі 201 см, тәулігіне көтерілу +4 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 104 см құрайды.
  • 28 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 25 610 м3/с құрайды. Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

28 сәуір, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.