Атырау, 6 мамыр 20:49
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Енді ерлі-зайыптылар бір-бірінің рұқсатынсыз несие рәсімдей алмайды

318 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Әзірге келісімді алу тәртібі мен зайыбының рұқсатын қажет ететін берешектің ең төменгі шегі бекітілмеген.

Қазір сенат депутаттарының қарауында жатқан заң жобасына сәйкес, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жеке тұлғаға жұбайының келісімінсіз несие беруге тыйым салынбақ, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Әзірге келісімді алу тәртібі мен зайыбының рұқсатын қажет ететін берешектің ең төменгі шегі бекітілмеген. Демек, ол 50-100 мың теңге көлеміндегі тұтынушылық несие, не бизнеске қажетті ірі мөлшердегі несие болуы да ықтимал. Тәртіп жауапты органның құқықтық актісінде айқындалуға тиіс.
Сарапшылар бұл ешқандай да жаңашылдық емес деп отыр, себебі рұқсатсыз несие алуды шектейтін норма бұрыннан бар. Ерлі-зайыптылардың бірі несиеге жылжымайтын мүлік немесе көлік рәсімдейтін болса – алдымен жұбайының келісім бергенін растайтын құжатты ұсынуы қажет. Өйткені, мүлік те, қарыз да – ортақ. Алда-жалда ажырасып, болмаса басқа да отбасылық қиындықтар туындаса – борыш та, бірге жиған мүлік те теңдей бөлінеді.

26 сәуір, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.