Атырау, 5 мамыр 04:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"AirAstana" әуе компаниясының ұшқышы Алматыдан ұшар алдында есірткі тұтынған

366 просмотра

23 сәуір күні кешке Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстерді жөнелту аймағында полиция Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстаған. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып, сақтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CMN.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қамауға алу кезінде екінші ұшқыш есірткіге мас күйінде болған. Ол мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшып бармақ болған. 

Жеке тінту кезінде одан заңсыз ешнәрсе табылмады. Алайда медициналық тексеру психостимуляторларды қолданудан туындаған есірткілік интоксикацияны көрсетті (мефедрон метаболиттері анықталды).

Ұшқыштың тұрғылықты жерінен есірткі қылмысымен күресушілер пластик құбыр тәркіледі. Олар одан ұнтақты шөгінділерді тапты.

Әнуарбеков тәртіп сақшыларына 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын ер адам төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған.

Тергеушілердің айтуынша, Әнуарбеков тауарларды интернет-дүкендер арқылы алып, есірткі жасыратын орындарды іздеген.

Іс Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі ( Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тергелуде. Ұшқыш 160 АЕК (590 720 теңге) көлемінде айыппұл төлейді немесе дәл осындай мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылады немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

Ал "AirAstana" әуе компаниясы Stan.kz тілшісіне аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

“2024 жылдың 23 сәуірінде Алматы әуежайында жолаушы ретінде ұшқан әуе компаниясының ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды. Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. Әуе компаниясы қызметкерлердің алкогольді немесе есірткіні пайдалануынақарсы. Өйткені қауіпсіздік - біздің басты міндетіміз. Әуе компаниясы экипаж мүшелерінің қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғын үнемі тексереді”, – делінген әуе компаниясының хабарламасында. 

Еске салайық, дәл осындай оқиға 2016 жылы да болған еді. Алматыда полиция қызметкерлері рейд жүргізіп "AirAstana" ұшағының 39 жастағы командирі Роман Быковты ұстаған болатын. Ер адам есірткіні үш жылдан бері қолданатынын мойындаған. Ұстау кезінде сараптама қорытындысы бойынша ұшқыштың пальтосының қалтасынан және денесінен марихуана табылған. Быков есірткіні Мәскеуден ұшу қарсаңында қолданған.

2024 жылдың ақпан айындағы деректер бойынша Қазақстан есірткіні қолдану бойынша ТОП-10 елдің қатарына кіреді.

25 сәуір, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.