Атырау, 5 мамыр 02:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қырғызстанда сел жүріп, 200-ден астам тұрғын үй су астында қалды

294 просмотра

Бұл туралы Бішкекте өткен брифингте елдің Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының орынбасары Урматбек Шамырқанов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz  Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ол Ош, Жалал-Абад және Талас облыстарында төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады.

Айтуынша, 20 сәуірден бері республикада толассыз жауған жаңбыр салдарынан 50-ге жуық сел болған. 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысан су астында қалды. Лай ағындары жолдар мен көпірлерді басып қалды.

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Жалал-Абад облысының Ноокен ауданында селге қарсы бөгетті су жарып өтіп, 300 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілгенін хабарлаған болатын. Ош облысының Қара-Құлжа ауданында сел көлікті алып кетіп, ішіндегі адам қаза тапты.

Сейсенбі күні Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов селден зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты.

25 сәуір, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.