Атырау, 4 мамыр 10:45
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Модульді үйлер орнатылды

995 просмотра

Қыстың қытымыр аязы мен жаздың шіліңгір ыстығында күн-түн демей далада жел өтінде жүретін теміржолшылардың еңбегі оңай емес. Әсіресе, жолшы, пойыз құрастырушы, байланысшы, электриктер мен электрмеханик, т.б. ауа-райымен санаспайтын мамандық иелеріне дамылдайтын орын аса қажет. 

Соған орай, оларға жұмыс учаскелерінде әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасау «ҚТЖ» ҰК» АҚ бағдарламасында көрсетілген. Соған сай былтыр Атырау жол дистанциясына модульды үйлер жеткізіліп, олар Нарын, Махамбет, Қарабатан станцияларында және шағын бекеттерде орнатылды.

Ол жұмыстар биыл да жалғастырылып жатыр. Инвестициялық бюджетке сәйкес биыл тағы да 7 модульді үй келуге тиіс болса, соның төртеуі Атырауға жеткізілді. Атырау жол дистанциясының бас инженері Рафаэль Меңдешевтің айтуынша, олар жуырда Таскескен, Сазанқұрақ, 496 және 16-разъездерге орнатылды. 12,5х2,70 мөлшердегі ол үйде жатын бөлме, ас дайындайтын және ішетін, жуынатын бөлме, теледидар, тоңазытқыш, жазда салқындатқыш, қыста жылыту пештері де бар.


«Бұл 8 орындық үйлер осы жуырда орнатылып, жолшылар игілігіне берілді. Күндіз-түні далада жүретін, кейде қонып қалатын жұмысшылар үшін бұл үйлердің көмегі зор. Ішінде барлық жағдайы бар. Ұялы байланыс та ұстап тұр. Сондықтан біздің жағдайымызға қарасып жатқан басшылыққа ризашылығымызды білдіреміз», - дейді №496-разъездің жол шебері Бекболат Кенжеев.

Қосұйым Мұқашев, Атырау

 

24 сәуір, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.