Атырау, 3 мамыр 20:03
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Атырауда әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

757 просмотра

43 жастағы қала тұрғыны су тасқынының алдын алуға бөгет салу жұмыстарына топырақ әкелетін КамАЗ жүк көлігіне жанар-жағар май сатып алу үшін күдіктіге 100 мың теңге көлемінде ақша аударып, алданған. 

Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының Кибер қылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы барысында алаяқтық әрекетіне барған 33 жастағы күдіктіні ұстады. 

Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін толық мойындады, оған қатысты алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

20 сәуір, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.