Атырау, 13 мамыр 03:41
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Каспийде бес елдің әскери оқу-жаттығулары өтеді

Бейнежазба
357 просмотра

Ақтау қаласында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары полковник Дәурен Манаптың басшылығымен жоспарлы конференция өтті., деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысты.

Тараптар «Бірлестік-2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының дайындығына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Әскери мамандар осы жылдың шілде айында оқу-жаттығу өткізуге жоспарлап отырған «Оймаша» полигонында оны ұйымдастыру мәселелерін пысықтап, Каспий теңізіндегі Тоқмақ мүйісінде болды. 

Әскери маневрлер теңіздегі түнгі эпизодтарды және десант түсіруді қамтиды.


5 сәуір, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.