Атырау, 20 сәуір 01:01
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Газ: заң ережеден жоғары

3 192 просмотра

Бізде кемшіліктері мен қарама-қайшылықтары бар заңдар, нормативтік актілер жиі қабылданады және бұлар, шынтуайтқа келгенде, жемқорлық құқық бұзушылықтардың орын алуына себепші болады. Белгілі уақыттан кейін қателіктерді түзетуге тура келеді, алайда бұлар үшін ешкім жауапты болмайды.

Осындай қателіктер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы №1041 қаулысымен бекітілген Үкіметіне «Тауарлы және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану ережелерін» қабылдауда да жіберілген деп ойлаймын.

«АЖ» анықтамасы: Әубекеров Қали Бисембіұлы, 1936 ж.т., Орал ауылшаруашылық техникумын бітірген, Атырау қаласында мұнай базасының, «Водстрой» тресті автобазасының директоры, «Межколхозстрой» трестінің механизация және құрылыс басқармасының бастығы, «Атырау жолдары» АҚ-ның вице-президенті қызметтерін атқарған, қазіргі уақытта «Атырау жолдары» ЖШС бас директорының кеңесшісі, қалалық мәслихаттың бірнеше шақырылымына депутат болып сайланды. Баспасөз бетіне шыққан көптеген сыни мақалалардың авторы.

Осы Ережелердің 43-тармағында газ жеткізуші қыста отынның көлемі аяздан сығылғанда, далада тұрған, корректорлары жоқ газ есептегіштерінің көрсеткіштеріне кері есептеулер жүргізе алады деп жазылған. Яғни, жеткізуші түзету коэффициентін енгізіп, текшеметрлерді «жазғы» мөлшерге дейін қолмен көбейтеді, осылайша «жетпей қалған» көлемдерді тұтынушы есебінен қалпына келтіреді. Бұл жаңалықты «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ үлкен құлшыныспен орындауға кірісті («АЖ» 24.01.13 4 «Газ: есепшоттар көбейді» мақаласын қараңыз). Мен осындай қызмет көрсететін басқа да коммуналдық қызметтер өкілдерімен сөйлестім, олардың барлығы да жеткізілген тауар көлемі туралы нақты деректі тек есептегіштердің тікелей көрсеткіштері ғана бере алады деп отыр.

Ережелердің 42-тармағында «Есептеу мақсатында тауарлы газ көлемін өлшеу бірлігіне Цельсий бойынша 20 градус температурадағы және 760 миллиметр сынап бағанасындағы қысымдағы бір текше метр газ қабылданған» делінген. Алайда, бұл жағдайда мұндай түзетулерді есептегіштердің өзі автоматты түрде енгізсін. Ал жеткізушіде осындай есептегіштердің жоқтығы – жеткізушінің жеке мәселесі емес пе, сатып алсын да, қондырсын. Стандарттау орталығында маған осындай есептегіштер нарықта бар деп айтқан болатын.

Бұл жерде монополист «Атырау Жарық» ЖШС-ның тәжірибесін еске алсақ, артық болмас. Ол тұтынушыларды электронды аспаптармен өз қаражаттарына қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, тұтынушыларын заманауи есептеу құралдарымен қамтып отырған «Атырау Су Арнасы» КМК-ны да айтуға болады.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ және монополияға қарсы департаменті басшыларының түзету «температуралық» коэффициентін қолдану ниеттері – бұл «қолмен» кері есептеуді талап ететін қарабайыр өлшеу әдісіне кері қайту. Мұндай кері есептеуді халық қабылдай алмайды.

 ҚР «Газ және газбен қамту туралы» заңында және ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 4 шілдедегі (күні кешегі!) қаулысымен бекітілген тұрпатты шарттарында газ жеткізуші есептеу аспаптары көрсеткіштеріне салқын уақытта «жазғы» норма бойынша кері есептеуді жүргізе алады деген ескерту жоқ. Осы заңда және жоғарыда айтылған қаулыда тауарлы газды есептеу есептеу аспаптарының тікелей көрсеткіштері бойынша жүргізіледі деп айтылған.  

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сілтеме жасап отырған «Ереже» ҚР «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес ҚР «Газ және газбен қамту туралы» заңынан төмен тұратын акті және ол осы заңға қайшы келмеуі керек. Ал 43-тармақ  Заңға қайшы келіп отыр.

 ҚР «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңының 44-бабы 2-тармағымен нормативтік құқықтық актілерге ресми түсінік беру үдерісінде оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

Осы Заңның 45-бабы 2-тармағында заңастылық актілерді ресми түсіндіруді оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды тұлғалар жүзеге асырады деп көрсетілген.

Сондықтан да монополияға қарсы комитеттің басшылығы ҚР Үкіметіне Үкіметіне «Тауарлы және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану ережелерінің» 43-тармағын алып тастауға ұсыныс беруі керек.

Қали Әубекеров, зейнеткер

26 ақпан 2013, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.