Атырау, 17 сәуір 02:55
 ашықВ Атырау +20
$ 448.81
€ 476.82
₽ 4.77

Жылу өлшегіштер тиімділігі

3 350 просмотра

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап жылу қуатының тарифы көтерілді.

Жалпыүйлік жылу есептегіштері жоқ үйлер үшін пәтердің 1 шаршы метрін жылыту енді 110,16 теңге (ҚҚС қосқанда) тұрады, бұл 95,79 теңгелік бұрынғы бірыңғай тарифтен 15 пайызға артық.

Ескі, барақтық және апатты үйлерде тұратындар үшін тариф шаршы метрге 100,9 теңге болды - өсім 5 пайыз. Керісінше, жылу өлшегіш құралдармен жабдықталған үйлердің (Атырауда бұл құралдармен тұрғын үйлердің 7,9 пайызы жабдықталған) тұрғындары үлкен жеңілдіктерге ие болды – олар үшін жылу екі есе арзандатылды (ГКалүшін1 877,16 теңге).

Кеңселері жылу өлшегіш құралдармен жабдықталған заңды тұлғалар Гкал үшін 4 776 теңге, ал жабдықталмағандары 12 827,97 теңге, яғни 2,68 есе артық төлейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

25 қаңтар 2013, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.