Атырау, 13 мамыр 04:37
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Жерлесіміздің «Поле чудеске» барғаны туралы

Сурет Бейнежазба
5 606 просмотра

«Ақ Жайық» ұйымдастырған интеллектуалды кроссворд байқауы 1999 жылдың жарқын оқиғаларының біріне айналды. Өйткені сол байқауда жеңіске жеткен жеңімпаз Қайырғали СҰЛТАНОВТЫ Мәскеуге, сол кездегі ең танымал «Поле чудес» телехабарына ойыншы ретінде жіберді. Мұның бәрі қалай болғанын Сұлтановтың өзі айтып береді, бірақ алдымен аздап мәлімет келтіре кетейік.  

1998 жылдың күзінде редакцияға оқырманымыздан хат келіп түсті, онда ол журналист материалдарынан бөлек, оқырмандардың көңілін көтеретін дүниелер  туралы да ұмытпауды өтінді. Хат дәл уақытында келді, себебі редакция жаңа жыл қарсаңында оқырмандар арасында таңдай қақтыратындай қандай ерекше байқау өткіземіз деп бас қатырып отырған еді. Сөйтіп, кроссворд байқауын ұйымдастырып, жеңімпазын «Поле чудеске» жіберуге шешім қабылдадық! Бастапқыда оғаштау көрінген ойды «ВИД» телекомпаниясының қызметкерлері қолдап әкетті. Дереу бағдарламаның продюсері Анатолий ГОЛЬДСЕДЕРМЕН келісім жасалды, кейін көп ұзамай «Поле чудестің» редакторы Наталья ЧИСТЯКОВА бізге расталған құжатты факс (ол не екені әлі есіңізде ме?) арқылы жіберді. 

Ұйымдастыру мәселелерімен идея авторы, біздің сол кездегі тілшіміз Виктория ЛИ айналысты. Сол естен кетпес байқаудың әділқазылар құрамына танымал марафоншы Жеңіс АЙТБАЕВ, шоумен Вячеслав ВИШЕНИН, Салима КУСПАНОВА - аты-жөні түбіртек ішінен кездейсоқ таңдалған біздің газетке жазылған оқырман және біздің Вика кірді. Мамандандырылған техникалық гимназияның (СТГ, қазіргі №38 мектеп-лицей) әдебиет пәнінің мұғалімі Эвелина Семеновна ПОПОВА төрағалық етті.

№4 орта мектептің сурет салу және сызу пәнінің мұғалімі Қаиырғали Сұлтанов алғашқылардың бірі болып сөзжұмбағын әкелді. Біріншіден, қазылар алқасы мүшелерін идеяның ерекшелігі баурап алды - сөзжұмбақ жиналмалы сандық түрінде жасалған, оның ішінде бағдарламаның жүргізушісі Леонид ЯКУБОВИЧТІҢ өзі бейнеленген, ал қарсы қабырғасында газеттің логотипі болды. Сөзжұмбақтың орындалуы мен мазмұны да мінсіз болды. Байқауға барлығы 20 адам қатысты, финалда Сұлтановтың басты қарсыласы Виктор ГОРБУНОВ болды, ол қазылар алқасына «Франция» тақырыбында таңғажайып талғампаз кроссворд ұсынды. Атына заты сай дегендей, сіз сөзжұмбақтың пішінін болжап отырған боларсыз, ол Эйфель мұнарасы түрінде өте мұқият жасалып, 442 сөз жазылған ұсақ ұяшықтары болды. Бірақ «Сыр сандық» қазылар алқасының назарына түсті.

 

«ИКРА БОЛСА ЕКЕН!» – ДЕП АЙҚАЙЛАДЫ ЯКУБОВИЧ

Содан бері 20 жылдан астам уақыт өтсе де, Қайырғали Сұлтанов бәрін күні кешегідей есінде сақтаған.

- Мен сандықты 3-4 күнде жасадым, әртүрлі материалдарды қолдандым, ерекше болса екен дедім. Жеңіске жетемін деп ойлаған жоқпын, ол кезде байқау әділ өтетініне ешкім сенбейтін заман болды ғой. Бірақ «Ақ Жайық» бәрі әділ екенін дәлелдеді. Жеңгенімді естіген барлық туыстарым мен достарым мені құттықтап, қатты қуанды. Менің барып-келу жолымды, Мәскеуде тұру ақысын редакция төледі. 16 желтоқсанда Белокаменнаяға ұшып келдім. 18-нде 36 қатысушыдан сұхбат алынды. Неге сонша көп? Онда олар бір ай ішінде бірнеше бағдарламаны бірден жазады. Олар бізге қобалжымауға кеңес берді, Якубович келді, бізді жігерлендірді, өткен бағдарламалардан бірнеше күлкілі эпизодтар айтып берді және «егер қажет болса» керек емес жерлерін кесіп тастаймыз деді. 19 желтоқсанда таспаға жазылды. Түстен кейін сағат бесте бастап, түн ортасына таман аяқтадық, - дейді Қайырғали. 

Ол үшінші үш ойыншының қатарында болды.  Сыйлық беретін кез келгенде, Қазақстаннан әкелінген сандық орынды әсер етті. Мүмкін барлық мәселе Якубовичтің жақсы әртіс болғанында болар, сонда да ол оған шынымен ұнаған сияқты дейді Қайырғали. Біздің редакция атынан ұсынылған ұлттық шапан мен қалпақты жүргізуші ойын соңына дейін киіп тұрды. Біздің жерлесіміз сенімді ойнады, тіпті таблода жасырылған «голубь» деген сөзді ойша тауып тұрды, бірақ оған «Приз» секторы түсті. Осы жерде Қайырғали тәуекелге бармай, ойыннан абыроймен шығуды ойлап, сыйлыққа ұсынылған видеомагнитофонды олжалады. Өзі сыйға – сый ретінде Якубович Гурьевтен базарлық ұсынды – ысталған табан және ...

- Уылдырық болса екен! - деп мен тағы сөмкемді қолыма салған кезде айқайлап жіберді Якубович және ол дұрыс тапты, - деп күледі Қайырғали. Үйде жасалған жарты литрлік екі банка, бірақ өте жоғары сапалы уылдырық. Ол заманда мұндай заттарды ұшақпен алып жүруге болатын еді. Ал жасырылған сөз шынымен де «Голубь» болып шықты.  Бірақ біздің жеңімпазымыз өз таңдауына өкінбейді – есінде қаларлықтай саяхат жасады, еске түсіріп, оқырмандарымызға айтары бар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

25 наурыз 2021, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.