Атырау, 20 сәуір 15:06
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тоқта, паровоз

2 888 просмотра

Атырау облыстық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) «Petroline» ЖШС басшыларына қарсы екінші қылмыстық іс қозғады.

Еске салсақ, «Petroline» ЖШС - АМӨЗ-ге өңдеуге жіберілу үшін  заңсыз мұнай құйылған 11 вагон-цистерналарды алатын екі жүк алушының бірі еді. Өткен жылдың желтоқсанында біз бұл жүкті «Ақжайық» теміржол стансасында қаржы полициясының ұстағандығын хабарлаған болатынбыз («Мұнайды эшелонмен ұрлайтын болған ба?» және «Қылмыс құрамы» жарияланымдарын қараңыз).Сол кезде тек өз ақпаратымызға сүйеніп, жүк алушыны Атыраудағы бизнес орталықтарының бірінде тұтас бір қабатты жалға алып отырған «Р» фирмасы деп қана көрсете алған едік.

Бірер күнде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) сайтында «Petroline» ЖШС басшыларына қарсы ҚР ҚК-нің 193-бабының 2-тармағы («Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлiктi заңдастыру») бойынша қылмыстық іс қозғалғандығы туралы ақпарат пайда болды. 2012 жылдың қарашасында олар заңсыз жолмен алынған 118,4 тонна мұнайды сатудан түскен 14,2 млн теңгеден астам сомада қаржылық операциялар мен ақшалай қаржыларға қатысты келісімдер жасағандығы хабарланған.

Бұрынырақ, өткен жылдың 6 желтоқсанында осы ЖШС-нің басшыларына қатысты ҚР ҚК-нің 183-1-бабының 1-тармағы («шығу заңдылығын растайтын құжаттары жоқ мұнайды тасымалдау, иелену, сату, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау, сондай-ақ өңдеу») бойынша қылмыстық іс қозғалған еді.

Ілеспе құжаттарға сәйкес, «Ақжайық» стансасында ұсталған мұнай «ҚазақмысПетролеум» ЖШС-не тиесілі кеніштен алынған. Алайда, тергеу барысында белгілі болғандай, «ҚазақмысПетролеум» мұндай компаниялармен (екіншісі көрсетілмеген) келісім-шарт жасамаған, ал ілеспе құжаттарда жалғандық белгілері бар боп шыққан. Сот-тауартану сараптамасының қорытындысына сәйкес, 686,47 тонна көлеміндегі ұсталған мұнайдың жалпы құны 82 млн-нан астам теңгені құрайды.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

17 қаңтар 2013, 23:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.