Атырау, 13 мамыр 18:44
 бұлттыВ Атырау +11
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​"«Бензин ішкіш» министрлер кімдер?​". "Сартаев және оның командасы». Бас әскери прокуратурада не болып жатыр?​". " Қазақстан шетелдегі азаматтарын қудалайтын елдердің қатарында". "Каспий теңізінің балық аулауға арналған аумағы ұлғайды​".

25 363 просмотра

AZATTYQ.ORG. «СІМ "Жусан" операциясы аясында Сириядан тағы 12 азаматты эвакуациялағанын хабарлады» - Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Жусан" операциясы аясында Сириядан тағы 12 қазақстандықты елге эвакуациялағанын хабарлады.

«Назарбаевтың құдасы ұсынған "Спутник". Қазақстандағы вакцина және билік төңірегіндегілер бизнесі» - Мыңдаған қазақстандыққа (көбі – медицина қызметкерлері) коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын салды. Ресми тұлғалар 1 ақпанда басталған екпе науқанын "пандемияны жеңудің жалғыз амалы" деп атап, бүкіл шығынды мемлекет мойнына алғанын айтты. Мемлекет бөлген қаржының бір бөлігі Қазақстандағы ең ықпалды отбасының туысы – кәсіпкер, кейінгі бірнеше жылда елдегі ең бай адамдардың біріне айналған Қайрат Боранбаев басқаратын компанияға түседі.

«"Ішкиім улаушы Путин". Навальныйды түрме жазасына кескен сот қалай өтті?» - Мәскеудегі сот оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың үш жарым жыл шартты жазасын түрме жазасына ауыстырды. Сот кезінде сөз алған Навальный Ресей президенті Владимир Путинді айыптай сөйледі.

«Ресей мен Иран шетелдегі азаматтарын қудалайтын елдер көшін бастады. Арасында Қазақстан да бар» - "Ресей мен Иран шетелде жүрген азаматтарын қудалайтын авторитарлы елдердің алдыңғы қатарында" дейді Freedom House ұйымының жаңа есебі. 4 ақпан күні жарияланған есепте Ресей билігінің өте агрессиялы трансшекаралық репрессиямен "айналысатыны", бұрын мемлекеттік жүйеде жұмыс істеген, Кремльге қауіп төндіреді деген адамдарды өлтіруге жиі жүгінетіні айтылған.

NEGE.KZ. «Сартаев және оның командасы». Бас әскери прокуратурада не болып жатыр?» - Nege.kz редакциясына Бас әскери прокуратурадағы кейбір мәселелерге қатысты Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевқа, ҚР Президенті Қ.Тоқаевқа және ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовке жолданған хат келіп түсті.

«Навальный ісіне қатысты санкциялар ЕАЭО елдеріне қаншалықты әсер етуі мүмкін?» - Алексей Навальныйдың ісі бойынша Ресейге қарсы күшейген санкциялар ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттерге қалай әсер етуі мүмкін? Ресейлік экономист әрі саясаткер, Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграцияның негізгі бағыттары және макроэкономика жөніндегі алқа мүшесінің міндетін атқарушы Сергей Глазьев осы сұраққа жауап берді.

«Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлеріне іздеу жарияланды» - Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігі «Tengri Bank» акционерлік қоғамының басшылығында болған екі адамға іздеу жариялады.

«Депутаттар біліктілігін арттыруға миллиондар жұмсалмақ» - Қазақстандағы мәслихат депутаттарына жаңа құқық беру қарастырылып жатыр. Ол үшін 647 миллион теңге бөлінеді. Мәжіліс бірінші оқылымда «аймақтық, қалалық және ауылдық басқару деңгейінде тәуелсіздік пен жауапкершілікті кеңейту» мәселелері бойынша түзетулерді қарастырды.

TODAY.KZ. «Сенат заң қабылдады: Каспий теңізінің балық аулауға арналған аумағы ұлғайды» - Қазақстанның Каспий теңізіндегі теңіз белдеуінің ені - 15 миль. Қазақстандық балықшыларға балық аулау үшін ішкі және аумақтық суларға тәуліктің кез келген уақытында шығуға мүмкіндік туады.

«Қазақстан бензині арзан елдер рейтингінде нешінші орында?» - Бір жыл ішінде елімізде 4,5 млн тонна бензин өндірілді. Қазақстан бензин бағасы бойынша 167 елдің арасында  8-ші орында.

«Бензин ішкіш» министрлер кімдер?» - Жылт еткен жетістігіңді жіпке тізіп отыру – бүгінгі заманның талабы. Біз үшін оның жақсы немесе жаман болуы шарт емес. Мәселе кімнің алға шыққанында. Ал қарап көріңіз, 2020 жылы көлік шығындары үшін қай министрлік қанша қаржы жұмсаған?

«Қош бол, ҚазАгро! Фермерлерді көркейтуі тиіс холдингтің ғұмыры неге аянышты аяқталды?» - Үкімет қаулысымен елдегі басқарушы холдингтердің саны азайды. Енді «ҚазАгроны» жұтып алған «Бәйтерек» пен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры ғана басқарушы холдинг статусына ие.

«Тауықтар көтерілісі. Неге жұмыртқа бағасы үкіметтің бар еңбегін зая кетірмек?» - Бүгін еліміздегі кейбір сауда орындарында жұмыртқаның бағасы 600 теңгеге жетті. Бұл абсолютті рекорд және жұмыртқаны Қазақстандағы бағасы ең тез өсіп жатқан азық-түлік тауарына айналдырып отыр.

«Банктер банкетке келгенде. Неге зейнетақы қаржысына банктер де қызығып отыр?» - Отбасы банктен бөлек БЖЗҚ қаржысын шешіп алу үшін арнайы шот ашуды «Халық банк», «ЦентрКредит» пен «Altyn bank» сынды қаржы ұйымдары бастап кетті. Оларға бұдан қандай пайда бар?

NUR.KZ. «"Миллионмен декретке": БЖТ төлеп, қомақты ақша табуға бола ма» - Әлеуметтік желілерде кей блогерлер "миллионмен декретке" деп аталатын сабақтардан бөлек, заңды айналып өтудің түрлі жолдарын ұсынуда. Оны тыңдау кезінде еш жерде тіркелмей, жұмыс істемей, бірыңғай жиынтық төлем төлеп, декретке шығу мүмкін бе деген сұрақ туындайды. 

«Байден Ресейді барлық әрекеті үшін жауапқа тартуға уәде берді» - Америка Құрама Штаттарының 46-шы президенті Джо Байден Мемлекеттік департаментте сыртқы саясат бойынша негізгі баяндамасын жасады. Ақ үйдің басшысы Америка Құрама Штаттары Ресейді өз әрекеттері үшін жауапқа тартатынын мәлімдеді.

«Шымкенттік шенеунік қос азаматтыққа қатысты дауға пікір білдірді» -  Шымкент дене шынықтыру және спорт басқармасы Олег Почиваловтың қос азаматтығына қатысты дауға пікір білдірді.

«АҚШ жазушысы Бозжырдағы құрылыс туралы: Бұл тек қазақ халқына қарсы қылмыс емес» - Журналист, жазушы әрі National Geographic ғылыми қоғамының мүшесі америкалық Пол Салопек Бозжыра шатқалындағы құрылыс туралы пікір білдірді. 

QAMSHY.KZ. «Сарапшы Путиннің өлтірілетінін және оны кім өлтіретінін айтты» - Владимир Путин Ливиялық тиран Муаммар Каддафи сияқты ресейлік наразылық білдірушілер жағынан өлтірілуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік-америкалық сарапшы мәлімдеді.

«Еуропа лидерлері Ресейді "қаржылық банкрот" жасауды бастады» - Ресей оппозиционері Алексей Навальныйдың түрмеге жабылуына қарсылық ретінде Еуропа Путиннің қаржысына қысым жасап, қаржылық банкрот жасауды бастады. Бұл турлаы Reuters, AFP және The Daily Express басылымдары хабарлады.

«BBC Қытай лагерьлеріндегі жаппай зорлау, азаптау және Сайрагүл Сауытбай туралы жазды» - ВВС Қытайдағы аз ұлттарға арналған лагерьлердегі әйелдерді жүйелі түрде зорлау және азаптау туралы егжей-тегжейлі хабарлады. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі бұрынғы ұсталғандар мен күзетшілердің сұхбаттарына негізделген ВВС мақаласына сүйеніп "қатыгездіктер бізді қатты алаңдатты. Бұл қатыгездіктер ар-ұжданға да ауыр соққы. Мұндай саясаты үшін Бейжіңге үлкен салдары бар жауап қайтару керек" деп айтты..

«Біржолғы зейнетақы төлемдерін алу жолдары жеңілдетілді» - "Отбасы банктің" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова біржолғы зейнетақы төлемдерін алу жолдары жеңілдетілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, пәтер сатып алу немесе займды өтеуге арналған құжаттарды жүктегенге дейін бірреттік зейнетақы төлемін алған соң оған туыс адам берген қаражатты қосу мүмкіндігі беріледі. Яғни бұл, әсіресе бірреттік зейнетақы төлемін алғаннан кейін үлкен қаржыға жылжымайтын мүлік сатып алуды жоспарланғандар үшін ыңғайлы.

5 ақпан 2021, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.