Атырау, 20 мамыр 14:23
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Спорт

«Бейбарыс» – чемпион! Спорт

«Бейбарыс» – чемпион!

8-сәуір күні Астанада өткен Қазақстан чемпионатынан облыстық «Бейбарыс» хоккей командасы  кубокпен  және алтын медальмен оралды. Әуежайда оларды жанкүйерлер мен облыстық әкімдік өкілдері және қаланың спортсүйер қауымы  қарсы алды.  13 сәуір 2011, 16:12 2 925 просмотра
Бағытжан Рахбиев: «Менің жаттығушыларым үшін спорт - әлемге  ашылған есік» Спорт

Бағытжан Рахбиев: «Менің жаттығушыларым үшін спорт - әлемге ашылған есік»

Еркін күрестен «Қайрат» ерікті спорт қоғамының 10 дүркін чемпионы, қазақша күрес бойынша бірнеше спартакиаданың жеңімпазы, Қазақ КСР құрамасының мүшесі Бағытжан РАХБИЕВТЫҢ еңбек етпеген саласы жоқ десек артық болмаса керек. 1985 жылдан 1989 жылға дейін ол облыстық спорт басқармасын басқарды, кейін қалалық әкімдікте, ПИК-де жұмыс жасады. Қазір бұрынғыша қатардан түспеген чемпион өзінің егде тартқан жасына қарамастан Авангардтағы  олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (СДЮСШОР-1) әдіскер болып жұмыс жасайды. Және қоғамдық бастамаларда дамуында ақауы бар және жүйке-неврологиялық сырқаттары бар науқастар үшін жарыстар мен жаттығулар ұйымдастырады. 13 сәуір 2011, 16:37 3 644 просмотра
Пауеден Сақауов: «Боец» телеарнасына шықсам деген арманым бар» Спорт

Пауеден Сақауов: «Боец» телеарнасына шықсам деген арманым бар»

30 қаңтарда  Лос-Анжелес қаласында карате-до кекушинкай бойынша өткен АҚШ ашық чемпионатында Пауеден САҚАУОВ үшінші орынды жеңіп алып, «Ерекше техникасы үшін» деген жеке жүлдеге ие болды. Біз спортшы жігітпен және оның бапкері Таңат НҰРЫМОВПЕН кездескен едік. 10 ақпан 2011, 00:00 3 811 просмотра
Н. МӘМБЕТОВ: «Экологияның бүлінгені анық, одан қорғанудың жолы-жүгіру» Спорт

Н. МӘМБЕТОВ: «Экологияның бүлінгені анық, одан қорғанудың жолы-жүгіру»

Көп жылдан бері жағалаумен қысы-жазы жүгіріп бара жатқандарға қызыға қараудан жалықпай келемін. Мен болсам, аяғымды апыл-ғұпыл басып жұмысқа қарай жүгіріп бара жатып, үстіме спорттық киім, аяғыма жүгіруге арналған кроссовканы киіп және мұрынмен тыныстап, демімді  аузымнан шығара оларға қосылып-ақ кетсем ғой деген оймен жұмысқа қалай жеткенімді де байқамай қаламын.  Осы қиялға беріле отырып, мен Атырау мемлекеттік университетінің  дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұролла МӘМБЕТОВПЕН сұхбатымды бастап кеттім. 3 ақпан 2011, 00:00 6 114 просмотра
Атырау көшелеріндегі Азиада алауы Спорт

Атырау көшелеріндегі Азиада алауы

16 қаңтарда  Атырау әуежайына Ақтаудан Азиада-2011 алауы әкелінді. Оны АН-30 ұшағымен VІІ қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің мүшелері арнайы колбамен әкелді. Сол колба арқылы Алау еліміздің бүкіл аймағын аралап шығады. 20 қаңтар 2011, 00:00 8 367 просмотра
«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын» Спорт

«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын»

Әзірбайжандық маман Рамиз МАМЕДОВТЫҢ қолына  «Атырау» футбол клубының тізгіні тиер-тиместен, жағымсыз даудың ортасында қалып үлгерді. Таяуда әзірбайжандық сайттардың (www.azerifootball.com) бірінде бапкер Мамедовтың: «Егер мен «Атырауда» жұмыс жасайтын болсам, бұл жерде армяндар болмайтын болады» деген мәлімдемесі бар мақаланы жариялаған еді. Әңгіме өткен маусымда «Атырау» құрамына алынған армяндық шабуылшы Тигран  КАРАБАХЦЯН туралы   болды. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 781 просмотра
Спорт

Жеңіс тұғырына көтерілді

Жуырда қала мектептерінің мұғалімдері арасында спорттың бірнеше түрі бойынша қалалық спартакиада өтті. Мұғалімдер волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, армрестлинг, кір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен сынға түсті. 2 желтоқсан 2010, 00:00 3 774 просмотра
Спорт

«Қазақстан спортында ақша табу мүмкін емес»

«Атырау» ерлер волейбол командасы келер жылғы мамыр айында клуб командалары арасында Иранда өтетін халықаралық Азия кубогы чемпионатында Қазақстан атынан ойнайтын болады. Естеріңізге сала кетсек, «Атырау» ерлер волейбол командасы биыл тағы да Қазақстанның кубогын жеңіп алған еді. Оған дейінгі республика кубогы өткен қыркүйекте Өскемен қаласында еліміздегі Жоғары А және Жоғары Б лигаларының 12 командалары арасында өтіп, финалға хромтаулық «Казхром», оралдық «Конденсант», петропавлдық «Есіл» және «Атырау» командалары шыққан болатын. «Казхромды» 3:2 есебімен ұтқан атыраулықтар, финалда «Есілмен» кездесіп, 3:2 есебімен ел кубогын қанжығасына байлады. 2 желтоқсан 2010, 00:00 3 995 просмотра