+19, ночью 14
27 сәуірде жалаушалармен безендірілген автомобиль және мотоциклдерге мінген «Бейбарыс» хоккей клубының жанкүйерлері Қазақстан чемпионатындағы сүйікті командаларының жеңісі құрметіне Атыраудың орталық көшелерімен шерулете жүріп өтті.
77 рет қаралды
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) сайтында атыраулық «Мұнайшы» спорт кешенінің Премьер лигада еліміз чемпионатының матчын өткізу құқығынан айырылғандығы туралы хабарлама пайда болды. Соның салдарынан 10 наурызда өтетін «Атырау» және «Ордабасы» (Шымкент) командалары арасындағы бірінші турдың матчы Орал қаласына ауыстырылған болып шықты.
226 рет қаралды
«АЖ»-ның жаңа айдары қаламыздың даңқын шығарған жандарға арналған. Кезінде олардың есімдері бүкіл атыраулықтардың ауыздарында жүретін. Бәрінің болмағанмен, көбінің дерлік. Олар кімдер? Музыканттар, спортшылар, әншілер, арулар және т.б.
173 рет қаралды
14 ақпанда Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің «Жайық» спорт кешенінде бокстан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының алғашқы күні өтті.
218 рет қаралды
31 қазанда «Атырау» футбол клубында маусым қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті. Журналистердің сауалына клуб директоры Арман ҮМБЕТӘЛИЕВ және команданың бас бапкері Зоран ФИЛИПОВИЧ (суретте) жауап берді.
341 рет қаралды
Жақында қалалық әкімдікте ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері одағы бастамасымен тай боксы бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құрметтеді.
305 рет қаралды
Осындай даулы мәлімдемені «Атырау» ФК бас бапкері Зоран ФИЛИППОВИЧ 10 қыркүйекте «Тараз» футбол командасымен өткен ойыннан кейін жасаған болатын.
537 рет қаралды 1 комментарий
Өткен аптада «Атырау» футбол командасына кезекті бас бапкер– Зоран ФИЛИПОВИЧТІ таныстырды. Ол Сербиядан келген. Жексенбі күні-ақ, оның басшылығымен клуб өз алаңында «Ақтөбеге» қарсы матчын өткізді.
444 рет қаралды 1 комментарий
«Атырау» дене шынықтыру кешенінде жыл сайын бір ахуал қайталана береді. Маусым басталар алдында керемет міндеттер қойылып, айбынды сөздер айтылады да, кезекті бас бапкер кешікпей өз орнынан кетеді. Бұл жолы да осылай болды.
541 рет қаралды
Кеше «Атырау» футбол командасының бас бапкері Рамиз МАММАДОВ жұмыстан кететіндігін мәлімдеді.
542 рет қаралды
10 мамыр күні кешке қарай Қостанайдан қуанышты хабар жетті. Қостанайда «Барыс» облыстық баскетбол командасы жергілікті «Тобыл» командасымен шешуші ақтық үшінші матчты өткізіп жатқан болатын. Вадим БУРАКОВТЫҢ тәрбиеленушілері 72-66 есебімен жеңіске ие болды. Сонымен, «Барыс» өзінің тарихында бірінші рет Қазақстан ұлттық баскетбол лигасының чемпионы атанды.
575 рет қаралды 1 комментарий
Естеріңізде болса, «Қайсар» спорт клубының 16 жастағы шәкірті Дидар БОЛАТОВ Еуропа чемпионатына үміткерлерді іріктеу кезеңіндегі ақпанның 28-і мен наурыздың 1-і күні аралығында Астана қаласында ересектер арасында муайтайдан өткен республикалық чемпионатында ҚР-ның чемпионы атанған болатын. Енді міне, ол тағы да чемпион атанып, елге алтын арқалап қайтты.
837 рет қаралды
30 сәуірде «Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде қазақтың батырлары Исатай мен Махамбет жүлдесі үшін бокстан болған ІІІ халықаралық турнир аяқталды.
647 рет қаралды
8-сәуір күні Астанада өткен Қазақстан чемпионатынан облыстық «Бейбарыс» хоккей командасы кубокпен және алтын медальмен оралды. Әуежайда оларды жанкүйерлер мен облыстық әкімдік өкілдері және қаланың спортсүйер қауымы қарсы алды.
584 рет қаралды
Еркін күрестен «Қайрат» ерікті спорт қоғамының 10 дүркін чемпионы, қазақша күрес бойынша бірнеше спартакиаданың жеңімпазы, Қазақ КСР құрамасының мүшесі Бағытжан РАХБИЕВТЫҢ еңбек етпеген саласы жоқ десек артық болмаса керек. 1985 жылдан 1989 жылға дейін ол облыстық спорт басқармасын басқарды, кейін қалалық әкімдікте, ПИК-де жұмыс жасады. Қазір бұрынғыша қатардан түспеген чемпион өзінің егде тартқан жасына қарамастан Авангардтағы олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде (СДЮСШОР-1) әдіскер болып жұмыс жасайды. Және қоғамдық бастамаларда дамуында ақауы бар және жүйке-неврологиялық сырқаттары бар науқастар үшін жарыстар мен жаттығулар ұйымдастырады.
550 рет қаралды
Белоруссияның Витебск қаласында 1-2 сәуірде өткен әлем чемпионатында біздің кір көтерушілеріміз екі алтынға ие болды.
540 рет қаралды
Астаналық «Локомотив» командасы тағы бір ойыншымен толықты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев осы маусымда астаналық клубтың намысын жыртатын болады.
782 рет қаралды
15 наурызда «Жас батыр» спорт клубында еліміздегі алғашқы спорттық балалар бақшасы ашылады. Біз клуб жетекшісі Рашид МУСИНГЕ бірнеше сұрақтар қойған едік.
802 рет қаралды 1 комментарий
30 қаңтарда Лос-Анжелес қаласында карате-до кекушинкай бойынша өткен АҚШ ашық чемпионатында Пауеден САҚАУОВ үшінші орынды жеңіп алып, «Ерекше техникасы үшін» деген жеке жүлдеге ие болды. Біз спортшы жігітпен және оның бапкері Таңат НҰРЫМОВПЕН кездескен едік.
737 рет қаралды
Көп жылдан бері жағалаумен қысы-жазы жүгіріп бара жатқандарға қызыға қараудан жалықпай келемін. Мен болсам, аяғымды апыл-ғұпыл басып жұмысқа қарай жүгіріп бара жатып, үстіме спорттық киім, аяғыма жүгіруге арналған кроссовканы киіп және мұрынмен тыныстап, демімді аузымнан шығара оларға қосылып-ақ кетсем ғой деген оймен жұмысқа қалай жеткенімді де байқамай қаламын. Осы қиялға беріле отырып, мен Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Нұролла МӘМБЕТОВПЕН сұхбатымды бастап кеттім.
767 рет қаралды 1 комментарий
16 қаңтарда Атырау әуежайына Ақтаудан Азиада-2011 алауы әкелінді.
Оны АН-30 ұшағымен VІІ қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің мүшелері арнайы колбамен әкелді. Сол колба арқылы Алау еліміздің бүкіл аймағын аралап шығады.
833 рет қаралды 1 комментарий
Спортшы, өзі белсенді және сұлу да сүйкімді қыз... Бұлайша мінездемені Қазақстан құрамасының мүшесі, ескек есуден бірнеше дүркін чемпион болған Әйгерім САРБАЛИНАҒА беруге болады.
681 рет қаралды
Әзірбайжандық маман Рамиз МАМЕДОВТЫҢ қолына «Атырау» футбол клубының тізгіні тиер-тиместен, жағымсыз даудың ортасында қалып үлгерді.
Таяуда әзірбайжандық сайттардың (www.azerifootball.com) бірінде бапкер Мамедовтың: «Егер мен «Атырауда» жұмыс жасайтын болсам, бұл жерде армяндар болмайтын болады» деген мәлімдемесі бар мақаланы жариялаған еді. Әңгіме өткен маусымда «Атырау» құрамына алынған армяндық шабуылшы Тигран КАРАБАХЦЯН туралы болды.
722 рет қаралды
Жуырда қала мектептерінің мұғалімдері арасында спорттың бірнеше түрі бойынша қалалық спартакиада өтті. Мұғалімдер волейбол, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, армрестлинг, кір тасын көтеру секілді спорт түрлерінен сынға түсті.
672 рет қаралды
«Атырау» ерлер волейбол командасы келер жылғы мамыр айында клуб командалары арасында Иранда өтетін халықаралық Азия кубогы чемпионатында Қазақстан атынан ойнайтын болады.
Естеріңізге сала кетсек, «Атырау» ерлер волейбол командасы биыл тағы да Қазақстанның кубогын жеңіп алған еді. Оған дейінгі республика кубогы өткен қыркүйекте Өскемен қаласында еліміздегі Жоғары А және Жоғары Б лигаларының 12 командалары арасында өтіп, финалға хромтаулық «Казхром», оралдық «Конденсант», петропавлдық «Есіл» және «Атырау» командалары шыққан болатын. «Казхромды» 3:2 есебімен ұтқан атыраулықтар, финалда «Есілмен» кездесіп, 3:2 есебімен ел кубогын қанжығасына байлады.
642 рет қаралды
Жайыққа "жерленген" кемелер
98 рет қаралды 0 комментарий
Түтінге тұншыққан қала
89 рет қаралды 0 комментарий