+19, ночью 14- Біз жұмыс жасап тұрған ЖК атауын өзгерткіміз келеді. Қандай құжаттарды тапсыру керек және бұл процедура қанша уақыт алады?
20 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
Екінші деңгейлі банктер мен кредиторлар арасындағы өзара қарым-қатынас тақырыбындағы радио хабарларының бірінде банктің ипотеканы жүзеге асыру тәртібі туралы әңгіме қозғалды. Меніңше, хабардың негізгі бөлігі «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңына (әрі қарай «Ипотека туралы заң») сай келмейді. Яғни, Қазақстан халқына нақты ақпарат берілген жоқ.
9 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Менің қалалық билікке бірнеше сұрағым бар. 1. Авангард 4-ықшам ауданындағы №1 мектеп-интернаттың жанына гүл бағы салынды, ал оған Жеңіс бағы жақтан ғана кіруге болады. Кіретін жерді Владимирский көшесі жақтан ашуға болмай ма? 2. Өткен жылы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Огородный көшесінің маңы да бар. Ал обамен күрес стансасының маңындағы өзеннің қарама-қарсы бетіндегі жыл сайын мүжілетін жағасына нығайту жұмыстары жүргізілген жоқ. Жұмыстар қашан жасалады?
10 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Күйеуім қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма қайта рәсімдеп алған едім. Барлық коммуналдық қызметтер түбіртектерді менің атыма жібереді, ал үй кітабын апарсам да жылу қызметкерлерінен түбіртек бұрынғыша күйеуімнің атына келеді. Шынымды айтсам, олардан түбіртектер алу маған моралдық тұрғыда ауыр тиеді. Неліктен олар түбіртектегі мәліметті өзгертпейді?
20 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- 1994 жылы маған бизнес жасау үшін Құлсарыдан жер учаскесін жалға берген еді. Жалға беру мерзімі 49 жыл. Барлық қажетті құжаттар қолымда. Қазір ұлдарымның атына құжаттарды қайта рәсімдеп, сол жерден жеке үй салғым келеді. Учаскенің мақсатын қалай өзгерте аламын?
9 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Жұбайым Алматыдан бір айлық сәбиімізбен ұшып шықпақ болып еді, бірақ оны жолаушыларды отырғызу аяқталды деп, тіркеу бағанына өткізбеді. Одан басқа тағы он адамды өткізбепті. Бірақ олардың ішіндегі шетелдік азамат өтіп кетті. Айтыңыздаршы, шетелдіктердің қандай айрықша құқықтары бар? Ұшу алдындағы тіркеу қай уақытта аяқталады?
40 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Біз Сәтбаев даңғылы бойындағы №32 және 34 үйлерде тұрамыз. Жаз басталысымен бізде сумен жабдықтау жүйесінде судың көтерілуіне қатысты проблема туындайды, жоғары қабаттағылар тіпті, қақсып қалады. Біздің арамызда орналасқан екі үй насосқа қосылған. Бізді де насосқа қосу қиын ба?
23 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Мен жолсеріктер резерві ауданындағы Вагонный көшесінде тұрамын. Көшемізді асфальттау туралы өтінішпен біз ТКШ бөліміне шағымданғанымызға бірінші жыл емес. Шамамен көшенің ұзындығы – 500 метрдей ғана. Жыл сайын көше адам өте алмастай батпаққа айналады. Өткен жылы біздің көшемізді асфальттауды 2011 жылдың жоспарына енгізеді деп уәде еткен болатын, алайда, енгізілмей қалды. Биылғы жылы бұл уәде орындалар ма екен?
26 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Мен Астана және Алматы қалаларына ұшақпен жиі ұшамын. Әуебилеттерінің құны жоғары, ал, ұшу уақыты үш сағаттан аспайды. Көптеген жолаушылар, оның ішінде өзім де бармын, ұшақта берілетін тағамдардан егер оның билеттің құнына әсері болса, бас тарта аламын ба?
94 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Лицензия берудің жаңа ережесі бойынша құрылыс компанияларында сейсмоқауіпті аудандарда құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге құқық беретін куәліктері болуы тиіс. Бұл талаптар біздің аймақта талап етіле ме?
28 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Мен 5 жастағы кішкене сіңлімді қандай да бір спорттық секцияға, мәселен, көркем гимнастикаға жаздыртқым келеді, ол мүмкін бе?
37 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Мектеп әкімшілігі – директор мен оқу ісінің меңгерушісі өздеріне ауысқан сағаттардың (уақытша жұмыста жоқ педагогтың орнына жұмыс істеу) көп бөлігін алуға құқылы ма? Қандай да бір шектеулер бар ма? Олар көбіне сырқаттануына байланысты күн алғандардың орнына, басқа мұғалімдердің қалуына мүмкіндік бермей өздері қалады.
69 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Біз балам екеуміз бірнеше рет Жилгородоктағы палеонтологиялық мұражайға барғанбыз, алайда, ол қашан барсақ та жабық. Анықтамалық телефон қызметінде бұл мұражай туралы ешқандай мәліметтер жоқ екендігін айтады. Мұражайдың телефоны мен жұмыс істеу кестесін қалай табуға болады?
22 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Мен Махамбет көшесі, 116 А үйде тұрамын. Қатты жел тұрған кезде үйдің шатырының бір бөлігі желмен ұшып, сол маңда тұрған машинаны бүлдірді, көліктің алдыңғы әйнегі толығымен сынып, капотын жырып кетті. Бұл жағдайда келтірілген шығынды кім өтейтіндігін білгім келеді? Біздің үйде ПИК жоқ.
48 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
- Жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін нақты бір мерзімдер белгіленгендігі туралы естідім. Ол мерзімдер қандай және жалпы ондай тіркелуден өту не үшін қажет? Ондай тіркеуден өтпеген болса, қандай келеңсіздіктер туындайды? Одан өту үшін қайда бару керек?
52 рет қаралды
- Мектептің педагог-психологының жұмысы қандай нормативтік құжаттармен реттеледі? Қандай маман мектеп психологы боп жұмыс істей алады. Оның негізгі ставкасына қосымша сағаттар тиесілі ме? Егер тиесілі болса қанша? Оның 1,5 ставкасы бар болса, жұмыс уақыты ішінде алмастыру бойынша қосымша сағаттар алуға құқығы бар ма? Өйткені ҚР Еңбек Кодексі бойынша алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс күнінің ұзақтығы 7 сағат құрайды ғой.
119 рет қаралды
- №2 мектептің 1-4 сынып оқушылары үшін ең болмағанда бір интерактивті сынып ашуды неліктен созбалап келеді?
49 рет қаралды
- Ұлымның сыныптастары 9-сыныпты аяқтағаннан кейін колледждерге түскісі келеді, ал ұлым білімін мектепте жалғастырғанды қалайды. Жақында мектеп директоры 10-сыныпта оқығысы келетіндерге басқа мектепке ауысуға тура келетінін, өйткені ең болмағанда бір 10-сыныпта оқу үшін оқушылар саны жетіспейтіндігін айтты. Не істейміз?
87 рет қаралды
- Біздің Азаттық даңғылындағы №59 үйдің ауласына үнемі жастар жиналып шу көтереді, ішімдік ішіп, бір-бірімен төбелеседі. Бірнеше рет учаскелік инспекторға шағымдандық, бірақ ол біздің ауланы үнемі күзетіп отыра алмайды ғой. Тұрғындар бейне бақылау камерасын біздің ауламызға орнату туралы өтініш бере ала ма? Ол үшін қайда барған жөн?
47 рет қаралды
- №6 балабақшада жөндеу жұмыстарына 600 теңге жинап жатыр, ал жөндеу жұмыстарынан кейін балаларымызды басқа топқа ауыстырады. 2011 жылдың жазында топтың қорына 5000 теңгеден ақша жинап, осы ақшаға сплит жүйесін, телевизор, DVD, шаңсорғыш, ойыншықтар, стендтер және т.б. сатып алып, балалар бөлмесін жарақтап қойған едік. Енді біздің балаларымызды басқа орын-жайға ауыстырған кезде, стендтер мен сплит-жүйелерді қалдыруға тура келеді. Ешкімнің де бұл шығындарды өтемейтіні түсінікті, өйткені ақшаны өз еркімізбен жинаған едік. Бізді басқа топқа қандай негізде ауыстырып жатқанын білгіміз келеді?
76 рет қаралды 2 комментарий
- Онлайн-конференция кезінде облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Клара МҰҚАШКЕРЕЕВА педагогтарды медициналық тексеруден өткізу бюджет есебінен төленетіндігін айтқан еді. Ендеше, неліктен өз қаржымыздың есебінен медициналық тексеруден өтіп жүрміз?
54 рет қаралды
- Осыдан екі жыл бұрын мен тұрмыстық техникалар сататын дүкеннен шаңсорғыш пен кір жуатын машина сатып алдым. Сатушылар маған кез-келген ақау үшін тауарды ауыстыруға дейін мүмкіндік беретін 2 жылға қосымша кепілдікті рәсімдеуге ұсыныс жасады. Мен әрбір кепілдік үшін 9 мың теңге шамасында ақша төледім. Сатушылар қолданылмаған кепілдікті сондай бағадағы кез-келген тауарға ауыстыра алатындығыма сендірген болатын.
Екі жыл өткеннен соң, дүкен әкімшісі маған пайдаланылмаған кепілдік сомасына тек шығын материалдарын ғана ала алатындығымды мәлім-деді. Ал, бұл заңды ма? Оның үстіне мен кейін белгілі болғанындай мұны кепілдік мерзімі бітуге дейін екі күн қалғанда (бұл келісім-шартта ұсақ шрифпен жазылған, олар маған ауызша ескерткен де жоқ) жасауға тиісті екенмін.
44 рет қаралды
- Супермаркеттерде ақша қайырғанда көбінесе сіріңкелер береді, бірақ олар чектерге соғылмайды (бұл қайтарылған ақша есебінде ғой дейді). Әлі күнге дейін 1 қорап сіріңкенің қанша тұратынын түсіне алмай келемін. Кейде оны 2 теңгенің, кейде 5 теңгенің орнына береді. Ал бір күні маған қайтарылатын ақша ретінде тауық бульонының кубигін берді. Бұл сұранымсыз тауарды өткізу ме сонда? Мен бір күні кассирге ұсақ ақшаның орнына сіріңке бермек болдым, олар бізбен осылай есептеседі ғой. Бірақ олар мені түсінген жоқ.
82 рет қаралды
- Жақында өлі туылған сәбилерге де нәрестенің дүниеге келуіне байланысты берілетін жәрдемақы төленетінін білдік. Мәселе мынада, біздің тұңғышымыз босану кезінде шетінеп кеткен еді. Екінші сәбиіміз туылған кезде жәрдемақыны рәсімдегенде, бізге ешкім ол туралы айтқан жоқ. Оны қазір ала аламыз ба?
91 рет қаралды
- Өткен жылы бізде пәтерде тұрушылар саны көбейді. Бірақ біз «АтырауЭнергоСатуға» бұл туралы хабарлауды ұмытып кеттік. Отбасының жаңа мүшесі тіркелген сәттен бастап бізге қайта есептеулер жүргізе ме?
45 рет қаралды
- Сәбиіме әкесінің атын емес, анасының, яғни өзімнің атымды бергім келеді. Осы мүмкін бе?
86 рет қаралды
- Пәтерді жалға беру үшін дара кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Алайда мұндай жағдайда салық 10 пайыз құрайтын болады. Егер дара кәсіпкер боп тіркелсе, онда салық аз болады. Жылжымайтын мүлікті жалға берудің қандай режимі болады және қайсысы тиімді екенін толық түсіндіріп берсеңіздер?
74 рет қаралды
– Менің шағын ғана кафем бар. Оны арасында түрлі шаралар – той, мерейтой өткізуге жалға алып отырады. Кафеде музыканттар жоқ, оны той иелерінің өздері – музыканттары мен бишілерін шақырады, кейде өздері де ән салады. Мұндай жағдайда мен бұл шараларда қандай әндердің орындалатындығын білместен авторлық және аралас құқықтар төлемақысы үшін келісім-шарт жасауға тиістімін бе?
65 рет қаралды
– «Атаба» супермаркеттерінің желісінде несиелік карта немесе аудару арқылы сауда жасаған кезде неліктен түбіртек берілмейді? Түбіртек талап еткен соң сатушылар сатып алынған заттардың жалпы сомасы көрсетілген құжатты ғана береді. Онда бағасы көрсетілген барлық тауар тізімі жоқ. Ал, егер қандай да бір тауар сапасыз болып шықса, оны мен дүкенге қандай негізге сүйеніп кері қайтара аламын?
113 рет қаралды
– 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей, Белоруссия және Қазақстан арасында жасалған Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі заң күшіне (одан әрі – Заң) енді. Осы заңға сәйкес Ресей, Белоруссия және Қазақстан азаматтары қайда тұратынын, қай жерде білім алатындығын, еңбек ететіндігін өз еркімен таңдай алады...
64 рет қаралды
– Мен өткен жылдың мамыр айында Махамбет аудандық ІІБ-не өзімнің марқұм болған ағам Ғаббас ҚУАНОВТЫҢ тапаншасын тапсырған болатынмын. Соған тиесілі сыйақымды қашан ала аламын?
77 рет қаралды
– Мен Абай көшесіндегі 60-шы жылдары салынған 18-а үйде тұрамын. Көшеден үйдің балконына қарасаң, көзге опырылып түсердей болып көрінеді. Біздің үйіміз күрелетін үйлер тізімінде бар ма?
51 рет қаралды
– Енді интернеттен фильмдерді жүктеп алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуы мүмкін деп естідім. Осы рас па?
146 рет қаралды 1 комментарий
– Бәлкім, мұным дұрыс емес шығар, бірақ мен Kcell ұялы байланыс операторының «шақырылып отырған абоненттің аппараты сөндірулі... және т.б.» деген сервистік хабарламасын айтатын әйел дауысына ессіз ғашықпын. Бұл қыз кім екен?
273 рет қаралды 1 комментарий
– Самара мен Орал қалаларының арасындағы шекарадан төлқұжаттық бақылаудан өту процедурасына түсінік берулеріңізді сұраймын. Өз басымнан мынадай жағдай өтті: шекарадан өткен кезде маған талонды рәсімдеуді (хаттама толтырумен қатар) ұсынды. Әрі қарай өз қалама барған кезде жеке пайдалану үшін Ресейден сатып алған тауардың 12 пайызы мөлшерінде қосымша құн салығын төлеуім керек екен. Қазақстан мен Ресей бірыңғай Кедендік Одаққа біріккендіктен бұл ұсыныс мен үшін түсініксіз болды.
79 рет қаралды
предыдущаяследующая
Жайыққа "жерленген" кемелер
98 рет қаралды 0 комментарий
Түтінге тұншыққан қала
89 рет қаралды 0 комментарий