Атырау, 20 мамыр 23:44
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атырауда

Экология

МАХАМБЕТ ХӘКІМОВ:КАСПИЙДІ АПАТТАН СОҢ ЕМЕС, ОҒАН ДЕЙІН ҚҰТҚАРАЙЫҚ!»

Өткен аптада «Каспий табиғаты» қоғамдық ұйымы әдеттегідей жылдық есеп беру жиылысн өткізді. Шынын айту керек, бұл аймақтағы ешкімнен грант алмайтын және сұрамайтын да жалғыз тәуелсіз ұйым. Сонда  ол кім үшін есеп беріп жатыр? Шамасы бұл экологтың аймақ тұрғындары бастарына төніп тұрған экологиялық ахуалдан үнемі хабардар болсын деген пиғылынан туған болар деп топшылаймын. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 700 просмотра
«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын» Спорт

«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын»

Әзірбайжандық маман Рамиз МАМЕДОВТЫҢ қолына  «Атырау» футбол клубының тізгіні тиер-тиместен, жағымсыз даудың ортасында қалып үлгерді. Таяуда әзірбайжандық сайттардың (www.azerifootball.com) бірінде бапкер Мамедовтың: «Егер мен «Атырауда» жұмыс жасайтын болсам, бұл жерде армяндар болмайтын болады» деген мәлімдемесі бар мақаланы жариялаған еді. Әңгіме өткен маусымда «Атырау» құрамына алынған армяндық шабуылшы Тигран  КАРАБАХЦЯН туралы   болды. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 781 просмотра
Қоғам

Жатақхана тұрғындары енді уәдеге сенбейді

Бірнеше жылдан бері апатты деп танылған Говоров көшесі, 12-үй мекен-жайындағы бұрынғы жатақхананың тұрғындары үйлері күреледі деп күтуде. Атыраудағы көптеген апатты үйлердің тұрғындары да осы жағдайды бастан кешіруде. Алайда осы үйдің тұрғындардына билік жаңа баспана береміз деп әлденеше рет уәде беріп, нақты мерзімдер белгілеген болатын. Уәде етілген мерзімдер өтіп кетті, алайда жаңа пәтерлер әлі жоқ.   19 қаңтар 2011, 00:00 3 210 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қала жолдарын жөндеу: бүкіл тізімді жарияласаңыздар

Облыстық әкімдікте 2011 жылғы көлік жолдары құрылысының жоспарлары талқыға салынды. Цифрларды жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының бастығы Ахмед АХМЕДОВ жариялады. Ол  Мақаттағы, Индербордағы, Махамбеттегі, Аққыстаудағы, Тұщықұдықтағы, Ганюшкиндегі, Қызылқоға ауданының селоларындағы поселкеішілік және селоішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 881 просмотра
Мәдениет

Кітапханада заң туралы жүйе бар

Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада құқықтық ақпарат орталығы жұмыс істейді. Кез-келген оқырман бұл жерден «Параграф» және «Заң-Закон» деп аталатын ақпараттық жүйелерден өздеріне қажетті материалдарды тегін ала алады. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 140 просмотра
Қоғам

Сақтандырудың бірыңғай бланкісі енгізілді

Биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап көлік құралы қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі полистің бірыңғай бланкісі енгізілді. Бұл жаңалық туралы біз «НСК» сақтандыру компаниясының Атырау филиалының директоры Михаил КОРНЕВТЕН әңгімелеп беруді өтінген едік. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 032 просмотра
Ит ату да бір кәсіп Басқа жаңалықтар

Ит ату да бір кәсіп

Дәл қасымнан құлақ тұндырар оқ атылған кезде жүрегім  зырқ ете түсті. Ағаш бастарында қонақтап отырған құстар дүр етіп ұшып кетті. Оқ атылған кезде қыңсылаған дыбыс қатар шыққан еді. Ғимараттың бұрышынан айналып барып, жерде жарақатын ауырсына дәрменсіз қимылдап жатқан сарғыш жүнді итті көрдім. Сұмдық көрініс еді. Мен көзімді тарс жұмып алған едім. «Көзіңізді ашыңыз, ит өліп қалды, - деді бес секундтай уақыт өткеннен кейін аңшылардың бірі. – Сәлеметсіз бе! Мен – Юриймін. Юрий Ким». 19 қаңтар 2011, 00:00 10 339 просмотра
Сақталған картоп қоймадан шығарылды Экономика

Сақталған картоп қоймадан шығарылды

Жаңа жылдан кейін картоп Қазақстанның барлық аймағында күрт қымбаттап кетті. Жаңа жыл қарсаңында «екінші нанның» келісі 150 теңгеге дейін көтерілді. Бұл жаппай салат дайындауға байланысты сұраныс көбейгендіктен базарда орын алатын әдеттегі құбылыс деп қабылданған болатын. Алайда картоп Рождестводан кейін де арзандаған жоқ. Сөйтсе, «картоп дағдарысы» республикалық ауқымда жүріп жатыр екен. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 217 просмотра
Махамбет сусыз қалды Қоғам

Махамбет сусыз қалды

Махамбет селосы Жайықтың тап іргесінде орналасқанымен ауыз суға мұқтаждық сол күйінде қалып қойған. Біз селоны аралап шықтық. Көзге шалынған су тарататын колонканың бойында ылғал жоқ. Айналасын мұз басқан. Су мұқтаждығы селода қалып қойғанымен мұз айдынын жасаған биліктегілердің қаракеті тым күлкілі көрінді. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 659 просмотра
Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын Мәдениет

Әсел Әбдірахманова:қалаған әнімді шырқаймын

Атырау әншісі Әсел ӘБДІРАХМАНОВАНЫҢ әлемдік музыка Олимпін бағындыру жоспарында бар. Cоңғы жарты жыл ол  үшін текке өтпеді – ол өзінің алғашқы жеке альбомы үшін материал дайындап, тіс қақты Америка жұртшылығы алдына шығатын өз имиджімен жұмыс істеді. Мұның бәрін туысқандары мен жақындарынан жырақта – Америкада жүзеге асырған. Туған қаласына азғана уақытқа келген ол біздің оқырмандарымызбен өз жетістіктерін бөлісуге асықты.  19 қаңтар 2011, 00:00 3 842 просмотра
Мүгедектің мұңы қашан сейілер? Қоғам

Мүгедектің мұңы қашан сейілер?

«АЖ» поштасына индерлік, бірінші топтағы мүгедек Қабес Қапаров жан айқайын былайша жеткізді. ‑ Мен «АЖ» газетіндегі «Индер ауданы проблемасы қашан таусылады?» деген мақаланы оқып, ойға қалдым. Ондағы жатақхана тұрғындарының қаржы жетпестігіне байланысты ауылдарға еріксіз көшірілгені турасында оқып, жаным жараланды. Өйткені мен де аудан әкімінің құр уәдесіне алданып қалған болатынмын. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 758 просмотра
Басқа жаңалықтар

Нысандарды тіркеу «жыры» бітер емес

Бүгінгі күні мемлекет меншігіндегі газ және электр нысандарының 90 пайызы мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Олар үшін техникалық құжаттамаларды дайындау өткен жылдың аяғында аяқталуы тиіс еді. Бірақ, дүйсенбі күні болған облыстық әкімдіктегі мәжілісте бұл мерзімнің кейінге қалдырылғандығы белгілі болды. 13 қаңтар 2011, 00:00 3 289 просмотра
Басқа жаңалықтар

Шұбар тауық бағасы қымбаттады

Соңғы жарты жыл ішінде қоспа жемнің бағасы Атырауда 10 есеге қымбаттап кеткен. Фермерлер қоспа жем алғаш премьер-министр Кәрім Мәсімов  егіннің шықпай қалғандығын айтқаннан кейін қымбаттай бастады деп есептейді. 13 қаңтар 2011, 00:00 6 398 просмотра
Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі  Қоғам

Мұнайлы астанадағы жетімдер үлесі

Жыл сайын  Атыраудағы қалалық  орта мектептерді ондаған   жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөсіпірімдер бітіріп шығады. Олардың ары қарайғы тағдыр-талайы қалай жалғасын табады? Әдетте жетімдердің өмір жолы маңдайға жазылғандай анық, яғни балалар үйі, одан соң оларды тездеп орта білім беретін кәсіби колледждер мен лицейлерге орналастырып жіберуге тырысады, кейбірі жоғары оқу орындарына түсіп жатады.  Әне-міне дегенше жастар ер етіп, 23 –ке келеді. Шынын айтқанда қорғансыз балалар үшін бұл сан құлаққа жазадай естілуі мүмкін. Өйткені, осы жасқа дейін ғана олар мемлекеттен бөлінетін пәтерге ие бола алады. Ал 23-тен кейін олар ешкімге керек емес... 13 қаңтар 2011, 00:00 12 477 просмотра
Қоғам

Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр

Бұл жайлы редакцияға Сәтбаев көшесі, №5 үйдің 9-подъезд тұрғындары атынан хабарласқан 74 жастағы Шархат УЗБАЕВА  әжей  мәлімдеді. Олар пәтерлеріне келіп тұрған суды екі ай бойына  пайдалана алмай отырған көрінеді. Оның айтуынша, краннан аққан су да, кранның өзі де қол ұстатпайды, ток тартады. 13 қаңтар 2011, 00:00 3 934 просмотра
Маршрут үшін төленетін ақы қалай белгіленеді? Қоғам

Маршрут үшін төленетін ақы қалай белгіленеді?

Жақында редакциямызға бүкіл қаланың маршруттарының кассирлері мен көлік жүргізушілері атынан келіп тұрмын деп Гуля Сұлтанғалиева есімді әйел келді. Ол қаладағы жолаушылар көлігінде кассир болып жұмыс істейді екен. 13 қаңтар 2011, 00:00 4 522 просмотра